Print this page

2021 жылғы 15 қаңтарда VII шақырылған Сәтбаев қалалық мәслихатының I ұйымдастыру сессиясы болып өтті. Сессия отырысын қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Н.А.Геймбух ашып, жүргізді.

Written by  Published in Жаңалықтар Tuesday, 19 January 2021 03:39
Rate this item
(0 votes)

Жаңадан сайланған депутаттар күн тәртібіне сәйкес қалалық мәслихаттың хатшысын сайлау туралы, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру және олардың төрағаларын сайлау туралы мәселелерді қарады. Депутаттардың шешімімен мәслихат хатшысы болып Т.И.Хмилярчук, экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиның төрағасы болып депутат С.Н.Нарботаев, әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып Ш.С.Мұхамедғалиева бірауыздан сайланды. Депутаттар сондай-ақ «Nur Otan» партиясының Сәтбаев қалалық мәслихатындағы депутаттық фракциясын тіркеді. Сессия жұмысына қала әкімінің орынбасарлары, бірқатар қалалық мекеме, ұйымдар басшылары қатысты.

Read 806 times Last modified on Tuesday, 19 January 2021 03:40
admin

Latest from admin