Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі
Сәтбаев қаласы № 414 2015 жылғы 25 желтоқсан
«Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2015 жылғы 10 тамыздағы № 362 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының негізінде қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
«Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2015 жылғы 10 тамыздағы № 362 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3392 болып тіркелген, «Шарайна» газетінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі 35 (2173) нөмірінде және 2015 жылғы 11 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Сессия төрағасы Қ. Әділбаев
Қалалық
мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук