Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының негізінде Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
Сәтбаев қалалық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 227 «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4550 болып тіркелген) шешімі;
Сәтбаев қалалық мәслихатының 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 264 «Сәтбаев қалалық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 227 «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4724 болып тіркелген) шешімі.
2. Осы шешім 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы |
Аты-жөні |