Басып шығаруға арналған нұсқасы

Сәтбаев қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Бөлім:  Нормативтік-құқықтық актілер Дүйсенбі, 29 Қараша 2021 07:40

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты

ШЕШТІ:
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Жезқазған кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 17 ақпандағы № 430 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3689 болып тіркелген);
2) «Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы № 430 «Жезқазған кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 118 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4115 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы
Т. Хмилярчук

Оқылды: 810 рет