Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі
Сәтбаев қаласы № 186 2022 жылғы 18 мамыр
2021 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекіту жөнінде
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына сәйкес 2021 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы қала әкімдігі ұсынған есепті қарай отырып, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
2021 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 14 113 475 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 5 028 219 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 52 326 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 80 681 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша – 8 952 249 мың теңге;
2) шығындар – 15 496 513 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – алу 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 11 000 мың теңге;
5) бюджеттің тапшылығы (профициті) – алу 1 372 038 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 1 372 038 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 372 038 мың теңге.
Қалалық
мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук