Басып шығаруға арналған нұсқасы

2021 жылғы Жезқазған кенті бюджетінің атқарылуы туралы есепті бекіту жөнінде

Бөлім:  Нормативтік-құқықтық актілер Сәрсенбі, 25 Мамыр 2022 00:00

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі

Сәтбаев қаласы                              № 187                 2022 жылғы 18 мамыр

2021 жылғы Жезқазған кенті бюджетінің атқарылуы туралы есепті бекіту жөнінде

          Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына сәйкес 2021 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы кент әкімдігі ұсынған есепті қарай отырып, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

2021 жылғы Жезқазған кенті бюджетінің атқарылуы туралы есеп келесі көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 47 177 мың теңге;

соның ішінде:

салықтық түсімдер – 2 878 мың теңге;

ресми трансферттерден түсетін түсімдер – 44 299 мың теңге;

оның ішінде:

ағымдағы нысаналы трансферттер – 10 757 мың теңге;

нысаналы даму трансферттері – 0 мың теңге;

субвенция – 33 542 теңге;

2) шығындар – 48 188 мың теңге;

3) операциялық сальдо – 0 мың теңге;

4) қарыздар түсімі – 0 мың теңге;

5) қарыздарды өтеу – 0 мың теңге.

Қаржы жылының басына бюджеттік қаражаттардың қалдықтары – 1 011 мың теңге.

Есептегі мерзімнің соңына бюджеттік қаражаттардың қалдықтары – 7 013,7 мың теңге.

Қалалық

мәслихат хатшысы                                                                Т. Хмилярчук

Оқылды: 49 рет