Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі
Нормативтік құқықтық акт 2022 жылғы 25 тамызда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 29258 болып енгізілді
Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі
Сәтбаев қаласы № 202 2022 жылғы 23 тамыз
Сәтбаев қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу
және жинақталу нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 365 бабының 3 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Сәтбаев қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы |
Т. Хмилярчук |
|
Сәтбаев қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 тамыздағы № 202 шешіміне |
|
қосымша
|
Сәтбаев қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
|
№ |
Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер |
Есептік бірлік |
Коммуналдық қалдықтардың жылдық жинақталу нормасы, м3 |
|
1. |
Жайлы және жайлы емес үйлер |
1 тұрғын |
2,0 2,12 |
|
2. |
Жатақханалар |
1 орын |
0,71 |
|
3. |
Қонақ үйлер |
1 орын |
0,68 |
|
4. |
Балабақшалар |
1 орын |
0,75 |
|
5. |
Мекемелер, ұйымдар, банктер, байланыс бөлімшелері |
1 қызметкер |
1,43 |
|
6. |
Емханалар |
1 келіп кету |
0,004 |
|
7. |
Ауруханалар |
1 төсек-орын |
1,58 |
|
8. |
Мектептер және өзге де оқу орындары |
1 оқушы |
0,54 |
|
9. |
Мейрамханалар, дәмханалар және қоғамдық тамақтану мекемелері |
1 отыратын орын |
0,76 |
|
10. |
Концерт залдары |
1 отыратын орын |
0,05 |
|
11. |
Мұражайлар |
жалпы алаңы 1 м2 |
0,03 |
|
12. |
Стадиондар |
жоба бойынша 1 орын |
0,04 |
|
13. |
Спорт, би және ойын залдары |
жалпы алаңы 1 м2 |
0,04 |
|
14. |
Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер |
сауда алаңы 1 м2 |
0,61 |
|
15. |
Машиналардан сату |
сауда орнының 1 м2 |
0,21 |
|
16. |
Базарлар |
сауда алаңы 1 м2 |
0,20 |
|
17. |
Азық-түлік, өнеркәсіптік тауарларының көтерме базалары, қоймалары |
жалпы алаңы 1 м2 |
0,17 |
|
18. |
Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету |
жалпы алаңы 1 м2 |
0,42 |
|
19. |
Автовокзалдар |
жалпы алаңы 1 м2 |
0,22 |
|
20. |
Дәріханалар |
сауда алаңы 1 м2 |
0,38 |
|
21. |
Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС |
1 машина-орын |
1,3 |
|
22. |
Автомобиль шеберханалары |
1 жұмысшы |
1,92 |
|
23. |
Гараждар |
1 гаражға |
0,13 |
|
24. |
Шаштараздар, косметикалық салондар |
1 жұмыс орны |
0,01 |
|
25 |
Тігін ательесі |
жалпы алаңы 1 м2 |
0,46 |
|
26 |
Аяқ киімді жөндеу шеберханалары |
жалпы алаңы 1 м2 |
0,75 |
|
27. |
Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау) |
1 жұмыс орны |
0,63 |
|
28. |
Моншалар, сауналар |
жалпы алаңы 1 м2 |
0,33 |
|
29. |
Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары |
1000 қатысушы |
0,026 |
|
30. |
Бау-бақша кооперативтері |
1 учаске |
1,85 |