Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі
Қарағанды облысы Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акт 2014 жылғы 22 сәуірде нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 2601 болып енгізілді
Қарағанды облысы Акимат
Сәтбаев қаласының города Сатпаев
әкімдігі Карагандинской области
2014 жылғы 2 сәуір № 06/01 2 апреля 2014 года № 06/01
Сәтбаев қаласы город Сатпаев
Қарағанды облысы Сатпаевский
Сәтбаевқалалық городскоймаслихат
мәслихаты Карагандинской области
2014 жылғы 31 наурыз № 223 31 марта 2014 года № 223
Сәтбаев қаласы город Сатпаев
БІРЛЕСКЕН СОВМЕСТНОЕ
ҚАУЛЫ және ШЕШІМ ПОСТАНОВЛЕНИЕ и РЕШЕНИЕ
Сәтбаев қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңының 13 бабына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сәтбаев қаласы азаматтарының төмендегі санаттарына қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне теңестірілген, мәртебесі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 8 баптарымен белгіленген адамдарға – тегін жол жүру;
2) Ұлы Отан соғысы жылдарында қажырлы еңбегі үшін ордендермен және медальдармен наградталған адамдарға – тегін жол жүру;
3) Ұлы Отан соғысы жылдарында кемiнде алты ай жұмыс iстеген адамдарға – тегін жол жүру;
4) зейнетақының ең төменгі мөлшерін алатын зейнеткерлерге – тегін жол жүру;
5) бірінші және екінші топтағы мүгедектерге – тегін жол жүру;
6) он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балаларға – тегін жол жүру.
2. Қаржыландыру көзі ретінде қалалық бюджет белгіленсін.
3. Осы бірлескен Сәтбаев қаласы әкімдігі қаулысының және Сәтбаев қалалық мәслихаты шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.С.Имамбайға және қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Ә.М. Қоңыроваға жүктелсін.
4. Осы бірлескен Сәтбаев қаласы әкімдігінің қаулысы және Сәтбаев қалалық мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сәтбаев қаласының әкімі Ә. Омар
Сессия төрағасы Ж. Күнеділов
Қалалық
мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук