Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі
Қарағанды облысы Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акт 2015 жылғы 10 шілдеде нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3324 болып енгізілді
Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі
Сәтбаев қаласы № 355 2015 жылғы 30 маусым
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасарының тапсырмасын орындау мақсатында Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса берiлiп отырған Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Сәтбаев қалалық мәслихатының мына шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 222 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2600 болып тіркелген, «Шарайна» газетінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі 16 (2103) нөмірінде және 2014 жылғы 5 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 222 «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 7 қарашадағы № 282 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2844 болып тіркелген, «Шарайна» газетінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы 49 (2136) нөмірінде және 2014 жылғы 19 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Қ. Жанасылова
Қалалық
мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук
КЕЛІСІЛДІ:
«Сәтбаев қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.Әпеков
2015 жылғы 30 маусым