Басып шығаруға арналған нұсқасы

Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы № 430 «Жезқазған кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Бөлім:  Нормативтік-құқықтық актілер Бейсенбі, 09 Ақпан 2017 03:57

Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі
Қарағанды облысы Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акт 2017 жылғы 17 қаңтарда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4115 болып енгізілді

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі

Сәтбаев қаласы № 118 2016 жылғы 26 желтоқсан

Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы № 430 «Жезқазған кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы № 430 «Жезқазған кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3689 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 наурыздағы «Шарайна» № 10 (2199) газетінде және 2016 жылғы 18 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жезқазған кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларында:
10 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны «Жезқазған кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне береді.».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы Қ. Жанасылова

Қалалық мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук

Оқылды: 1047 рет