Басып шығаруға арналған нұсқасы

Күндізгі оқу нысанындағы оқушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы

Бөлім:  Нормативтік-құқықтық актілер Сенбі, 25 Мамыр 2019 04:42

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасындағы 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы»  Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру Сәтбаев қаласының төмендегі оқушылар санаттарына белгіленсін:
1) жалпы білім беру оқу орындарының біріншіден сегізінші сыныпқа дейінгі оқушыларын қосып алғанда – тегін жол жүру (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда);
2) жалпы білім беру оқу орындарының тоғызыншыдан он бірінші сыныпқа дейінгі оқушыларын қосып алғанда – белгіленген тарифтің 50% төлеумен (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда);
3) кәсіби мектептердің, колледждердің, жоғары оқу орындарының күндізгі оқу нысаны бойынша оқушыларын – белгіленген тарифтің 50% төлеумен (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда);
4) әлеуметтік көмек көрсетілетін мына азаматтар санатына жалпы білім беру оқу орындарының біріншіден он бірінші сыныпқа дейінгі оқушыларын қосып алғанда, кәсіби мектептердің, колледждердің, жоғары оқу орындарының күндізгі оқу нысаны бойынша оқушыларына – тегін жол жүру (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда):
жетім балалар, ата-анасының қомқорлығынсыз қалған балалар;
даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;
көп балалы отбасылардың балалары;
кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы балалар;
жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарында, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар;
дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар;
интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;
денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда оқитын балалар;
толық емес отбасынан шыққан балалар.
2. «Күндізгі оқу нысанындағы оқушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2018 жылғы 22 ақпандағы № 246 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4638 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 наурыздағы «Шарайна» № 11 (2304) газетінде және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 16 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрағасы Жанасылова Қамар Қапасқызы) жүктелсін.
    4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Сессия төрағасы,
қалалық мәслихат хатшысы                         Т. Хмилярчук


Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 06.05.2019
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 5323 болып енгізілді

Результаты согласования
ГУ «Аппарат Сатпаевского городского маслихата» - главный  специалист-юрист Динара Бегалиевна Кулашева, 03.05.2019 11:53:24, положительный результат проверки ЭЦП
ГУ «Аппарат Сатпаевского городского маслихата» - секретарь городского маслихата Татьяна Ивановна Хмилярчук, 03.05.2019 11:55:33, положительный результат проверки ЭЦП
ГУ «Аппарат Сатпаевского городского маслихата» - секретарь городского маслихата Татьяна Ивановна Хмилярчук, 03.05.2019 11:55:55, положительный результат проверки ЭЦП
Департамент юстиции Карагандинской области - Руководитель Департамента Асхат Нургазиевич Жусупов, 04.05.2019 15:36:40, положительный результат проверки ЭЦП

Оқылды: 236 рет