Басып шығаруға арналған нұсқасы

Сәтбаев қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 355 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту ту

Бөлім:  Нормативтік-құқықтық актілер Сәрсенбі, 19 Ақпан 2020 08:50

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 355 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3324 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 шілдедегі «Шарайна» № 28 (2166) газетінде және 2015 жылғы 22 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

15 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

«15. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе Жезқазған кентінің әкiмiне өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды:

1) жеке басын куәландыратын құжатты;

2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәлiметтердi;

3) адамның (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтердi;

4) өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын актiнi және/немесе құжатты ұсынады.».

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы Е. Сатыбалдин

Қалалық мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук

Оқылды: 596 рет