Басып шығаруға арналған нұсқасы

Сәтбаев қалалық мәслихатының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 349 «2019 – 2021 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Бөлім:  Нормативтік-құқықтық актілер Сәрсенбі, 19 Ақпан 2020 08:52

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

$11.        Сәтбаев қалалық мәслихатының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 349 «2019 – 2021 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5092 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 08 қаңтарда, «Шарайна» газетінің 2019 жылғы 11 қаңтардағы №1 (2346) нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«1. 2019 – 2021 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

$11)     кірістер – 15 032 429 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 3 062 918 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 37 647 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 40 600 мың теңге;

трансферттердің түсімдері бойынша – 11 891 264 мың теңге;

$12)     шығындар – 15 301 308 мың теңге;

$13)     таза бюджеттік кредиттеу – алу 30 000 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 30 000 мың теңге;

$14)     қаржы активтерімен жасалатыноперациялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

$15) бюджет тапшылығы (профициті) – алу 238 879 мың теңге;

$16) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 238 879 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 30 000 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 268 879 мың теңге.»;

көрсетілген шешімге 1 қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы Е. Сатыбалдин

Қалалық мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук

Оқылды: 718 рет