Басып шығаруға арналған нұсқасы

Сәтбаев қаласының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы

Бөлім:  Нормативтік-құқықтық актілер Дүйсенбі, 07 Маусым 2021 05:44

 

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптаросы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

 

Е. Тоқымбаев

Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы

 

Т. Хмилярчук

 

  • Қосымша 1
  • Қосымша 2
Оқылды: 69 рет