Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
$11. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 640 «2021 – 2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21974 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2021 жылғы 06 қаңтарда, «Шарайна» газетінің 2021 жылғы 08 қаңтардағы № 1-2 (2449-2450) нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. 2021 – 2023 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
$11) кірістер – 13 038 020 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 4 314 537 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 27 233 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 46 691 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша – 8 649 559 мың теңге;
$12) шығындар – 14 376 020 мың теңге;
$13) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
$14) қаржы активтерімен жасалатыноперациялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
$15) бюджеттің тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;
$16) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 0 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 338 000 мың теңге.»;
көрсетілген шешімге 1 қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Сессия төрағасы |
Қ. Балмағамбетов |
|
Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы |
Т. Хмилярчук |