Басып шығаруға арналған нұсқасы

Сәтбаев қалалық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 640 «2021 – 2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Бөлім:  Нормативтік-құқықтық актілер Дүйсенбі, 07 Маусым 2021 06:07

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«1. 2021 – 2023 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және              3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

$11)     кірістер – 13 553 764 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша –  4 583 620 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 24 233 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 46 691 мың теңге;

трансферттердің түсімдері бойынша – 8 899 220 мың теңге;

$12)     шығындар –15 097 045 мың теңге;

$13)     таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

$14)     қаржы активтерімен жасалатыноперациялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

$15)     бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

$16)     бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру –      1 543 281 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері – 172 254 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 1 371 027 мың теңге.»;

3 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«3. Жергілікті атқарушы органның 2021 жылға арналған резерві 28 000 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

         көрсетілген шешімге 1 қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

 

Сессия төрағасы

 

Л. Минбаева

Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы

 

Т. Хмилярчук

 

 

Оқылды: 87 рет