Басып шығаруға арналған нұсқасы

Сәтбаев қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Бөлім:  Жобалар және шешімдер Жұма, 08 Қазан 2021 00:00

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Сәтбаев қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1) «Жезқазған кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 17 ақпандағы № 430 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3689 болып тіркелген);

2) «Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы № 430 «Жезқазған кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 118 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4115 болып тіркелген).

          2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Оқылды: 149 рет