Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңы негізінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестігіне және Ұлттық кәсіпкерлер палатасына бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің келесі жобасы ұсынылады
Қарағанды облысы Акимат
Сәтбаев қаласының города Сатпаев
әкімдігі Карагандинской области
2014 жылғы «__» __________ «__» __________ 2014 года
№ ___________ № ____________
Сәтбаев қаласы город Сатпаев
Қарағанды облысы Сатпаевский
Сәтбаевқалалық городскоймаслихат
мәслихаты Карагандинской области
2014 жылғы «__» __________ «__» __________ 2014 года
№ ___________ № ___________
Сәтбаев қаласы город Сатпаев
БІРЛЕСКЕН СОВМЕСТНОЕ
ӘКІМДІКТІҢ ҚАУЛЫСЫ ПОСТАНОВЛЕНИЕ АКИМАТА
және МӘСЛИХАТТЫҢ и РЕШЕНИЕ МАСЛИХАТА
ШЕШІМІ
Сәтбаев қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңының 13 бабына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сәтбаев қаласы азаматтарының төмендегі санаттарына қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне теңестірілген, мәртебесі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 8 баптарымен белгіленген адамдарға – тегін жол жүру;
2) Ұлы Отан соғысы жылдарында қажырлы еңбегі үшін ордендермен және медальдармен наградталған адамдарға – тегін жол жүру;
3) Ұлы Отан соғысы жылдарында кемiнде алты ай жұмыс iстеген адамдарға – тегін жол жүру;
4) зейнетақының ең төменгі мөлшерін алатын зейнеткерлерге – тегін жол жүру;
5) бірінші және екінші топтағы мүгедектерге – тегін жол жүру;
6) он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балаларға – тегін жол жүру.
2. Қаржыландыру көзі ретінде қалалық бюджет белгіленсін.
3. Осы бірлескен Сәтбаев қаласы әкімдігі қаулысының және Сәтбаев қалалық мәслихаты шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.С. Имамбайға және әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрайымы Ә.М. Қоңырова) жүктелсін.
4. Осы Сәтбаев қаласы әкімдігі және Сәтбаев қалалық мәслихатының бірлескен қаулысы мен шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сәтбаев қаласының әкімі Ә. Омар
Сессия төрағасы Ж. Күнеділов
Қалалық
мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук