Басып шығаруға арналған нұсқасы

Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 14 сәуірдегі 27 сессиясының № 241 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Бөлім:  Жобалар және шешімдер Сейсенбі, 26 Қаңтар 2016 09:12

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі

Сәтбаев қаласы                                            № 410                               2015 жылғы 25 желтоқсан

«Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 14 сәуірдегі 27 сессиясының    № 241 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 10-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңынаң 6-бабына сәйкес, «Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 14 сәуірдегі 27 сессиясының № 241 шешіміне  өзгерістер енгізу туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2015 жылғы 12 қарашадағы 45-сессиясының № 387 шешімі негізінде және учаскелік сайлау комиссияларының босаған орындарына мүшелер сайлау жөніндегі дауыс берудің қорытындысы бойынша қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. «Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын сайлау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 14 сәуірдегі 27 сессиясының        № 241 шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

2. Учаскелік сайлау комиссияларына жеті күн мерзімнен кешіктірмей комиссиялардың шығып қалған төрағасын және төрағаның орынбасарын сайлау жөнінде отырыс өткізу ұсынылсын.

Сессия төрағасы                                                                          Қ. Әділбаев

Қалалық

мәслихат хатшысы                                                                      Т. Хмилярчук

                                        

Қалалық мәслихаттың

2015 жылғы 25 желтоқсандағы

48-сессиясының № 410 шешіміне

қосымша

                                        

Учаскелік сайлау комиссияларының босаған

орындарына сайланған мүшелерінің

ТІЗІМІ

№ 498 учаскелік сайлау комиссиясы

Орналасқан мекен-жайы – Сәтбаев қаласы, Қ.И. Сәтбаев даңғылы, 106

(Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайы)

Қапышова Қымбат

№ 499 учаскелік сайлау комиссиясы

Орналасқан мекен-жайы – Сәтбаев қаласы, Комаров көшесі, 11а

(«Сәкен Сейфуллин атындағы гимназия» КММ)

Сапарова Дилара Сайыновна

№ 507 учаскелік сайлау комиссиясы

Орналасқан мекен-жайы – Сәтбаев қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 28

(«БЖСМ» КМҚК)

Мұханбетжанов Арман Талғасбекұлы

№ 512 учаскелік сайлау комиссиясы

Орналасқан мекен-жайы – Сәтбаев қаласы, Наурыз көшесі, 14а

(«№ 27 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ)

Шубаева Назерке Төкенқызы

№ 513 учаскелік сайлау комиссиясы

Орналасқан мекен-жайы – Сәтбаев қаласы, Наурыз көшесі, 5

(«№ 14 жалпы орта білім мектебі» КММ)

Ғабдұлмәлік Гаухар Ғабдұлмәлікқызы 

№ 517 учаскелік сайлау комиссиясы

Орналасқан мекен-жайы – Сәтбаев қаласы, Ұлытау көшесі, 61

(Медициналық-санитарлық бөлімі)

Байқонова Гүлден Мұратқызы

№ 518 учаскелік сайлау комиссиясы

Орналасқан мекен-жайы – Сәтбаев қаласы, Құсайынов көшесі, 9

(«№ 1 орталық ауруханасы» КМҚК)

Жәкенова Гүлзия Нұрмұхамбетқызы

№ 521 учаскелік сайлау комиссиясы

Орналасқан мекен-жайы – Сәтбаев қаласы, Ұлытау көшесі, 110

(«Жезқазған қаласының туберкулезге қарсы диспансері» ММ)

Нахан Нағима Келжанқызы

№ 523 учаскелік сайлау комиссиясы

Орналасқан мекен-жайы – Сәтбаев қаласы, Комаров көшесі, 11

(«№19 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ)

Пазылова Әсел Серікқызы

         

Оқылды: 377 рет