Басып шығаруға арналған нұсқасы

2016 – 2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы

Бөлім:  Жобалар және шешімдер Сәрсенбі, 27 Қаңтар 2016 05:52

Сәтбаев қалалық мәслихатының 48 сессиясының шешімі

Сәтбаев қаласы                     № _____              2015 жылғы «___» ___________

2016 – 2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 30 қарашадағы «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

$11.     2016 – 2018 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2016 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 8 054 759 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 2 097 905 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 13 440 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 8 000 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша – 5 935 414 мың теңге;

2) шығындар – 8 054 759 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатыноперациялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – алу 0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 0 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.

2. 2016 жылға арналған қалалық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері мынадай мөлшерлерде белгіленсін:

$11)    жеке табыс салығы бойынша – 1 пайыз;

$12)    әлеуметтік салық бойынша – 1 пайыз.

3. 2016 жылға арналған қалалық бюджет кірістерінің және шығындарының құрамында мынадай трансферттер қарастырылғаны 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін:

1) республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 1 288 771 мың теңге сомасында;

2) республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 3 428 030 мың теңге сомасында;

3) облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 100 958 мың теңге сомасында.

4. 2016 жылға арналған қалалық бюджет түсімдерінің құрамында облыстық бюджеттен қала бюджетіне берілетін субвенциялардың көлемі     1 117 655 мың теңге сомасында ескерілсін.

5. 2016 жылға арналған қалалық бюджеттің құрамында Жезқазған кентінің бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 5 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

6. 2016 жылға арналған қалалық бюджеттің құрамында жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыру үшін жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін нысаналы трансферттер 6 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

7. Жергілікті атқарушы органның 2016 жылға арналған резерві 10 000 мың теңге сомасында бекітілсін.

8. 2016 жылға арналған бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 7 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

9. Осы шешім 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы                                                                          Қ. Әділбаев

Қалалық

мәслихат хатшысы                                                                      Т. Хмилярчук

 

 

Оқылды: 1162 рет