жоба
Сәтбаев қалалық мәслихатының 51 сессиясының шешімі
Сәтбаев қаласы № _____ 2016 жылғы «___» ___________
Жезқазған кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы
- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса берiлiп отырған Жезқазған кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Ж. Күнеділов
Қалалық
мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук