Басып шығаруға арналған нұсқасы

Сәтбаев қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Бөлім:  Жобалар және шешімдер Сәрсенбі, 17 Ақпан 2016 11:15

жоба

Сәтбаев қалалық мәслихатының 51 сессиясының шешімі

Сәтбаев қаласы                     № _____              2016 жылғы «___» ___________

Сәтбаев қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін  бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» № 13 бұйрығына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Қоса беріліп отырған Сәтбаев қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.

2. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 330 «Сәтбаев қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін  бекіту туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3170 болып тіркелген, «Шарайна» газетінің 2015 жылғы 1 мамырдағы 17 (2155) нөмірінде және 2015 жылғы 12 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған)  күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сәтбаев қалалық мәслихатының аппарат басшысы Қ.М. Махамбетоваға жүктелсін.

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы                                                                          Ж. Күнеділов

                                                                 

Қалалық мәслихат хатшысы                                                     Т. Хмилярчук 

Оқылды: 313 рет