Басып шығаруға арналған нұсқасы

Сәтбаев қаласының кейбір көшелерін қайта атау бойынша ұсыныстарды Республикалық ономастикалық комиссияның қарауына енгізу туралы

Бөлім:  Жобалар және шешімдер Жұма, 25 Тамыз 2017 10:09

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-1 бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» № 138 қаулысының 2-тармағына сәйкес, Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы «Сәтбаев қаласының кейбір көшелерін қайта атау бойынша материалдарды Сәтбаев қалалық мәслихатының қарауына енгізу туралы» № 19/18 қаулысы негізінде Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Сәтбаев қаласының кейбір көшелерін қайта атау бойынша ұсыныстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына қосымшаға сәйкес енгізілсін.

         2. Осы бірлескен Сәтбаев қаласы әкімдігі қаулысының және Сәтбаев қалалық мәслихаты шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары            А.Қ. Төлендинаға және қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Қ.Қ. Жанасыловаға жүктелсін.

Сәтбаев қаласының әкімі                                                           А. Ыдырысов

Сессия төрағасы                                                                          Т. Тәжбенов

Қалалық
мәслихат хатшысы                                                                      Т. Хмилярчук

Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 22 тамыздағы және Сәтбаев қалалық мәслихатының 2017 жылғы 22 тамыздағы бірлескен қаулысына және шешіміне қосымша

Сәтбаев қаласының кейбір көшелерін қайта атау бойыншаҚазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізілетін ұсыныстар

Қайта атау берілсін:
1) Сәтбаев қаласының Комаров көшесіне – Мәңгілік ел көшесі;
2) Сәтбаев қаласының Первостроителей көшесіне – Алаш көшесі.

Оқылды: 369 рет