Жоба
Сәтбаев қалалық мәслихатының
ШЕШІМІ
Сәтбаев қаласы № ___ 2018 жылғы «___» __________
Сәтбаев қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды
пайдалану жөніндегі 2018 – 2019 жылдарға арналған
жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Сәтбаев қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2018 – 2019 жылдарға арналған жоспар бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы В. Юстус
Қалалық
мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук