жоба
Сәтбаев қалалық мәслихатының 24 сессиясының шешімі
Сәтбаев қаласы № ___ 2013 жылғы «___» _________
2014 – 2016 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
- 2014 – 2016 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2014 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
- кірістер –643 415 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 1 737 627 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 11 267 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 14 352 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша – 2 880 169 мың теңге;
- шығындар –632 084 мың теңге;
- таза бюджеттік кредиттеу –000 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 30 000 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
- қаржы активтерімен жасалатыноперациялар бойынша сальдо – 11 331 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 11 331 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
- бюджеттің тапшылығы (профициті) – алу000 мың теңге;
- бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру –000 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері – 30 000 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.
2. 2014 жылға арналған қалалық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері мынадай мөлшерлерде белгіленсін:
- жеке табыс салығы бойынша – 50 пайыз;
- әлеуметтік салық бойынша – 50 пайыз.
3. 2014 жылға арналған қалалық бюджет кірістерінің құрамында мынадай трансферттер қарастырылғаны ескерілсін:
1) республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 37 724 мың теңге сомасында;
2) республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 875 145 мың теңге сомасында;
3) облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 113 766 мың теңге сомасында.
4. 2014 жылға арналған қалалық бюджет шығыстарының құрамында республикалық бюджеттен мынадай ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін:
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 4 413 мың теңге;
негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға 4 097 мың теңге;
үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыны көтеруге 29 040 мың теңге;
алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеуге 174 мың теңге.
5. 2014 жылға арналған қалалық бюджет шығыстарының құрамында республикалық бюджеттен мынадай нысаналы даму трансферттері қарастырылғаны ескерілсін:
сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға 118 998 мың теңге;
мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға 101 250 мың теңге;
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға 496 267 мың теңге;
моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша көліктік инфрақұрылымдарға 158 630 мың теңге.
6. 2014 жылға арналған қалалық бюджет шығыстарының құрамында облыстық бюджеттен мынадай нысаналы даму трансферттері қарастырылғаны ескерілсін:
сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға 29 750 мың теңге;
мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға 11 250 мың теңге;
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға 55 141 мың теңге;
моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша көліктік инфрақұрылымдарға 17 625 мың теңге.
7. 2014 жылға арналған қалалық бюджеттің құрамында Жезқазған кентінің бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
8. Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтаудың, әлеуметтік қамсыздандырудың, білім берудің, мәдениеттің және спорттың ауылдық жерлерде жұмыс істейтін азаматтық қызметшілеріне осындай қызмет түрлерімен қала жағдайында айналысатын азаматтық қызметшілердің лауазымдық жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларын 2014 жылы жиырма бес пайызға арттыру белгіленсін.
9. Қала әкімдігінің 2014 жылға арналған резерві 15 000 мың теңге сомасында бекітілсін.
10. 2014 жылға арналған қалалық бюджетті атқару процесінде 5 қосымшаға сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалар секвестрлеуге жатпайды деп белгіленсін.
11. Осы шешім 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы В. Цой
Қалалық
мәслихат хатшысы С. Имамбай