Версия для печати

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Опубликовано в Жобалар және шешімдер Четверг, 13 Февраль 2014 11:51

жоба

Сәтбаев қалалық мәслихатының 25 сессиясының шешімі

Сәтбаев қаласы                     № _____             2014 жылғы «___» ___________

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

  1.          Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Қоса берiлiп отырған Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары бекітілсін.

         2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрайымы Қоңырова Әлия Мешітбайқызы) жүктелсін.

         3. Сәтбаев қалалық мәслихатының мына шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1) «Cәтбаев қаласының жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек түрлерін анықтау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2008 жылғы 31 қазандағы ХІІІ сессиясының № 150 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-6-70 болып тіркелген және 2008 жылғы 19 қарашадағы № 108(1666) «Шарайна» газетінде жарияланған);

2) «Сәтбаев қаласының жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек түрлерін анықтау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2008 жылғы 31 қазандағы ХІІІ сессиясының № 150 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 қыркүйектегі ХХІХ сессиясының № 364 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-6-108 болып тіркелген және 2010 жылғы 13 қазандағы № 78(1839) «Шарайна» газетінде жарияланған).

4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы                                                                      Ж. Күнеділов

Қалалық

мәслихат хатшысы                                                                  Т. Хмилярчук

КЕЛІСІЛДІ:

«Сәтбаев қаласының жұмыспен

қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы                                   Б. Әпеков

2014 жылғы «___» ақпан

Прочитано 930 раз