Версия для печати

Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 300 «2015 – 2017 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Опубликовано в Жобалар және шешімдер Среда, 12 Август 2015 09:50

жоба

Сәтбаев қалалық мәслихатының 42 сессиясының шешімі

Сәтбаев қаласы                      № _____              2015 жылғы «___» ___________

Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы   № 300 «2015 2017 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 300 «2015 – 2017 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2910 болып тіркелген, «Шарайна» газетінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы 2 (2140) нөмірінде және 2015 жылғы 23 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«1. 2015 – 2017 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 10 909 336 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 2 082 017 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 13 460 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 10 495 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша – 8 803 364 мың теңге;

2) шығындар – 10 853 946 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 2 118 314 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 2 118 314 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 56 385 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 56 385 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – алу 2 119 309 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру –     2 119 309 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері – 2 118 314 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 995 мың теңге.»;

3 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«3. 2015 жылға арналған қалалық бюджет кірістерінің және шығыстарының құрамында мынадай трансферттер қарастырылғаны 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін:

1) республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 927 141 мың теңге сомасында;

2) республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 6 184 466 мың теңге сомасында;

3) облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 98 776 мың теңге сомасында.»;

көрсетілген шешімге 1, 4, 5 қосымшалары осы шешімге 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

         2. Осы шешім 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы                                                               Қ. Жанасылова

Қалалық

мәслихат хатшысы                                                           Т. Хмилярчук

Прочитано 1496 раз