Версия для печати

Сәтбаев қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Опубликовано в Жобалар және шешімдер Понедельник, 13 Февраль 2017 08:01

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» № 110 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14637 болып тіркелген) сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Сәтбаев қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
2. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы № 433 «Сәтбаев қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3716 болып тіркелген, «Шарайна» газетінің 2016 жылғы 25 наурыздағы 12 (2201) нөмірінде және 2016 жылғы 28 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сәтбаев қалалық мәслихатының аппарат басшысы Қ.М. Махамбетоваға жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы Қ. Керімқұлов

Қалалық мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук

Сәтбаев қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (MS Word)

Прочитано 1416 раз