2017 жылғы 22 маусымда Сәтбаев қалалық мәслихатының 17 сессиясы өтті.
Сессияда күн тәртібінің мәселесі бойынша «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Е.Х. Сәкеев «2016 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралыесепті бекіту жөнінде» баяндама жасады.Осы мәселе бойынша Экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы В.Л. Цойтұрақты комиссияның қорытындысын ұсынды.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша Сәтбаев қаласының ІІБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Б.Қ.Аманжолов «Сәтбаев қаласы аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы есебі жөнінде» баяндама жасады. Әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Қ.Қ. Жанасылова ювеналды полицияда өткізілген Депутат күнінің қорытындысы бойынша депутаттық жұмыс комиссиясының анықтамасын ұсынды.
Сессияда күн тәртібінің келесі мәселесі бойынша «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Қ.Ж. Төлеш«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасыныңСәтбаев қаласында іске асырылу барысы туралы» баяндама жасады. Осы мәселе бойынша экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі Қ.С. Әділбаев депутаттық жұмыс комиссиясының анықтамасын ұсынды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.