Версия для печати

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 18-сессиясы

Автор  Опубликовано в Жаңалықтар Вторник, 18 Июль 2017 00:00
Оцените материал
(0 голосов)

2017 жылғы 12 шілдеде депутат Тәжбенов Тоғызбай Әбсаматұлының төрағалық етуімен Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс 18 сессиясы болып өтті.

Сессияда күн тәртібіне байланысты 2017 – 2019 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгерістер енгізу, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу (алып қою) шарттарының жобаларымен келісу және қалалық терроризмге қарсы комиссияның құрамына өзгерістер туралы мәселелер қаралды. Депутаттар 41 мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу (алып қою) шарттарының жобаларын мақұлдады.  Терроризмге қарсы комиссияның құрамына жергілікті полиция қызметінің бастығы Б. Аманжолов енгізілді.

Қаралған мәселелер бойынша сессияда тиісті баяндамамен «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Е.Х.Сәкеев және «Сәтбаев қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ заңгері А.В. Крацких ақпарат берді.

Сессия жұмысына Сәтбаев қаласы әкімінің м.а. Б.Д. Жақсыбаев, мемлекеттік мекеме және ұйымдар басшылары қатысты.   

 









Прочитано 5550 раз
admin

Последнее от admin