Версия для печати

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарымен кездесу

Автор  Опубликовано в Жаңалықтар Среда, 15 Январь 2020 08:30
Оцените материал
(0 голосов)

Жезқазған өңіріне жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Ершов Сергей Михайлович пен Қожахметов Арман Төлешұлы 2020 ж. 8 қаңтарда Сәтбаев қаласындағы «Қамқор» әлеуметтік қолдау орталығында және «Эберман А.В.» ЖК «TrikSat» тігін-тоқу шеберханасында болды. Депутаттар кәсіпорындардың жұмысымен танысты, сондай-ақ жергілікті өкілді орган депутаттарымен және қала басшылығымен кездесу өткізді. Қос палата мүшелері Парламенттің заңшығарушылық қызметі туралы баяндады, депутаттар мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары журналистерінің сұрақтарына жауап берді.

Жұмыс сапарында Парламент депутаттарымен қалалық мәслихат хатшысы Татьяна Ивановна Хмилярчук және қала әкімінің міндетін атқарушы Нарботаев Сұлтан Нұрланұлы бірге болды.

Прочитано 4045 раз
admin

Последнее от admin