Версия для печати

«2019 – 2021 жылдарға арналған Жезқазған кентінің бюджеті туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 360 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Опубликовано в Нормативтік-құқықтық актілер Среда, 19 Февраль 2020 08:41

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 360 «2019 – 2021 жылдарға арналған Жезқазған кентінің бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5101 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 08 қаңтарда, «Шарайна» газетінің 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 1 (2346) нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«1. 2019 – 2021 жылдарға арналған Жезқазған кентінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 47 195 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 2 600  мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 1 100 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша – 43 495  мың теңге;

2) шығындар –  49 035  мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатыноперациялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – алу 1 840 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 1 840 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 840 мың теңге.»;

көрсетілген шешімге 1 қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы В. Юстус

Қалалық мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук

Прочитано 723 раз