Thursday, 15 May 2025

Телефон доверия

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Жаңалықтар (62)

2017 жылғы 10 сәуірде қала әкімдігінің үлкен залында депутат Юстус Владимир Владимировичтың төрағалық етуімен Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс 15 сессиясы болып өтті.
Сессия отырысы қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Гейбух Нина Андреевнаның 2017 жылғы 26 наурызда өткен қалалық мәслихаттың № 9 және  № 10 сайлау округтері бойынша шығып қалған депутаттарының орнына   сайлау қорытындылары туралы хабарламасымен басталды. Хабарлама аяқталғаннан кейін жаңадан сайланған депутаттар Мұхамедғалиева Шолпан Сафарбекқызына және Тоқымбаев Ержан Аманжолұлына қалалық мәслихат депутатының төсбелгісі мен куәлігі табысталды.
Сессияда «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Е.Х.Сәкеев  «Сәтбаев қалалық мәслихатының «2017 – 2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 112 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе бойынша баяндады.
Күн тәртібінің келесі мәселесі бойынша Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі № 9 округтік сайлау комиссиясының мүшесі сайланды. Сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының хабарламасы бойынша сайлау комиссиясының бір бос орнына бір ұсыныс келіп түскен. Депутаттардың ашық дауыс беруімен округтік сайлау комиссиясының мүшесі болып «Бірлік» саяси партиясынан ұсынылған Заитов Нұрболат Өтеғалиұлы сайланды.
Сессияда қалалық қатынастарда автомобильмен жолаушылар мен жүктерді тасымалдау тарифі келісілді және қала әкімі жанындағы ведомствоаралық консультативтік-кеңесші комиссиялардың бірқатарының құрамдарына өзгерістер енгізу және бекіту туралы мәселелер қаралды, сондай-ақ  Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу (алып қою) шарттарының 98 жобасымен келісілді.
Сессия отырысы аяқталғанннан кейін қалалық мәслихаттың хатшысы Т.Хмилярчук жастар мәслихатының мүшелеріне алғысөз арнап, оларға куәліктер тапсырды. Өз сөзінде ол Сәтбаев қаласының жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған жастар мәслихаты жастардың мүдделерін қорғауға және жастарды қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысуға тартуға тиісті екендігін атап өтті.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия жұмысына қала әкімі А.А. Ыдырысов, оның орынбасарлары, мемлекеттік мекеме және ұйымдар басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері және жастар мәслихатының депутаттары қатысты қатысты. 

Саяси партиялардың және қоғамдық бірлестіктердің назарына

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін атқарудан босатылуына байланысты Сәтбаев қалалық мәслихаты саяси партиялардың ұсыныстары негізінде қалалық мәслихат депутатын сайлау жөніндегі № 9 округтік сайлау комиссиясының құрамына өзгеріс енгізілетіндігін хабарлайды.

Қалалық мәслихатқа белгіленген формада кандидатураның тізімі жіберіледі: атауы, сайлау комиссиясының нөмірі, комиссияның мекен-жайы, кандидатураның аты-жөні, туған күні, айы, жылы, жеке басы куәлігінің нөмірі, берген мекеме, берілген күні, ұлты* (кандидаттың еркіне байланысты), білімі, мамандығы, жұмыс орны, лауазымы, қызмет телефоны, тұратын мекен-жайы, үйінің телефоны, саяси партия немесе қоғамдық бірлестіктің мүшесі болып табыла ма*(кандидаттың еркіне байланысты). Осы мәліметтерге саяси партия немесе өзге де қоғамдық бірлестіктердің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, құрылатын сайлау комиссиясына қатысты жоғары құрылымның төрағасы қол қояды.
Ұсынылған кандидатура «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабының 2-1, 10-тармақтарына, 20-бабының 12-тармағына сәйкес болулары тиіс.
Жоғарыда аталған формаға қосымша келесі құжаттар тапсырылады:
1. Саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің органы отырысының кандидатты тиісті сайлау комиссиясына ұсыну туралы хаттамасынан үзінді, сондай-ақ жоғары сайлау комиссия шешімінің үзіндісі.
2. Саяси партия немесе өзге де қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгендігі жөніндегі құжаттың көшірмесі.
3. Мынадай формада кандидаттың жеке парағы: аты-жөні, туған күні, ұлты, білімі, саяси партияға қатысы, жұмыс орны, лауазымы, тұратын мекен-жайы, байланыс телефоны, жеке басы куәлігінің көшірмесі.
4. Кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуына келісім берген қалалық мәслихат хатшысының атына жазған өтініші және белгіленген формада кандидаттың өмірбаяндық мәліметтері.
Қалалық мәслихат ұсыныстарды 2017 жылдың 3 наурызынан 3 сәуіріне дейінгі мерзім ішінде қабылдайды.
Қалалық мәслихаттың мекен-жайы:
Сәтбаев қаласы, акад. Қ. Сәтбаев даңғылы, 108, 38 кабинет.
Қалалық мәслихаттың хатшысы – Хмилярчук Татьяна Иванована.
Материалдарды жинауға жауапты: Баканова Ырзагүл Бейсенқызы, қалалық мәслихат аппаратының бас маманы, жұмыс тел. (871063) 3-50-72, факс: (871063) 3-45-23, электрондық почта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сәтбаев қалалық
мәслихатының хатшысы Т. Хмилярчук

2017 жылғы 23 ақпанда Сәтбаев қалалық мәслихатының 14 сессиясы өтті.
Сессияда күн тәртібінің негізгі мәселесі бойынша «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Б.Ө. Жайлаубаев «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалу барысы туралы» баяндама жасады, Сәтбаев қаласының Жастар ресурстық орталығының жұмысы туралы орталықтың директоры Н.Ғ. Күлбай баяндады. Әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Қ.Қ. Жанасылова осы мәселе бойынша депутаттық жұмыс комиссиясының анықтамасын ұсынды, ол қалалық мәслихат депутаттары мәселені сессияның қарауына әзірлеу барысында жастармен жұмыс жөніндегі нысандарды аралап, олардағы жағдайды зерттегендігін атап өтті. Мәселені қарау қорытындысы бойынша депутаттар ұйымдастырылмаған және жұмысшы жастармен жұмысты белсіндіру қажеттігі туралы ұсыныс жасады.
Сессия отырысында экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы В.Л. Цойдың өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды, Сәтбаев қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі және қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді пайдаланатын күндізгі оқу нысанындағы оқушылардың санаттары бекітілді (шешім жобасын әзірлеген «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ), сондай-ақ, қала әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізілді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия жұмысына қала әкімі А.А. Ыдырысов, оның орынбасарлары, мемлекеттік мекеме және ұйымдар басшылары қатысты.

 

3

3

3

3

Ақпараттық хабар

Written by Friday, 30 December 2016 00:00

2016 жылғы 26 желтоқсанда қалалық әкімдіктің үлкен залында  Сәтбаев қалалық мәслихатының 13-сессиясы болып өтті.

         Сессияда қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Н.А.Геймбух мемлекеттік әкімшілік қызметке ауысуына байланысты  № 8 сайлау округы бойынша қалалық мәслихаттың  депутаты А.Қ.Төлендинаның және № 9 сайлау округы бойынша  депутат С.Ә.Мырзақоңыровтың қайтыс болуына байланысты депутаттық өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы хабарлама жасады.

Депутаттар 2017 – 2019 жылдарға арналған қалалық бюджетті және Сәтбаев қаласының даму бағдарламасын бірауыздан қолдады. Бұл мәселелер бойынша сессияда қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Е.Х.Сәкеев баяндама жасады.

Сессияда Сәтбаев қаласы аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы Сәтбаев қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Б.Қ.Аманжоловтың  есебі тыңдалды.

Сонымен қатар 2016 жылы атқарылған жұмыстар туралы қалалық мәслихаттың хатшысы Т.И.Хмилярчук және Әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі И.Бралин есеп берді.

Сессияның күн тәртібіне сәйкес нормативтік құқықтық актілер қабылданып, қала әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізілді.  Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алудың (алып қою) 16 шартының жобаларымен келісілді. Қалалық мәслихаттың 2017 жылға арналған жұмыс жоспары және «Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» ММнің 2017 жылға арналған қаржыландыру жоспары бекітілді.

Қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып  депутат Қ.К.Жанасылова сайланды. Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы болып № 2 сайлау округынан депутат Қайрат Ұзақұлы Керімқұлов сайланды.

Күн тәртібінде қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Сессияның жұмысына қала әкімі, оның орынбасарлары, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары қатысты.

Сессия соңында қала әкімі А.А.Ыдырысов қаланың 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын қорытындылады.

2016 жылғы 25 қазанда Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтіп, онда Қоғамдық кеңестің құрамынан шығып қалған мүшелерінің орнына конкурсқа қатысу үшін келіп түскен құжаттар қаралды. Жұмыс тобының төрағасы Т.И.Хмилярчуктің ақпараты бойынша барлығы 2 ұсыныс: 1-і коммерциялық емес ұйымнан және 1 өтініш азаматтан келіп түскен. Конкурсқа қатысуға ұсынылған құжаттар қаралғаннан кейін әр кандидатура бойынша ашық дауыс беру жүргізу арқылы  қаланың Қоғамдық кеңесінің құрамынан шығып қалған мүшелердің орнына кандидатуралар бойынша ұсыныстарды қалалық мәслихаттың алдағы сессиясының қарауына енгізу туралы шешім қабылданды.

 

3

3

3

3

3

3