Көпшілік тыңдау!
Сәтбаев қалалық мәслихатының әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес қаланың жаңа шағын ауданына атау беру мәселесі бойынша халықтың пікірін ескеру мақсатында 2016 жылғы 26 тамызда сағат 11.00-де № 16 орта мектебінің мәжіліс залында көпшілік тыңдау өткізетіндігін хабарлайды.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына сәйкес Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Қоғамдық кеңестің құрамынан оның қалған мерзімінде мүшесін мерзімнен бұрын шығаруға байланысты 2016 жылдың шілде айының 5-нен 14-не дейін коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің құрамына кандидат жөнінде ұсыныстар, өтініштер қабылдайтынын хабарлайды.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатты коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде адамдардың өзін-өзі ұсынуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
1) сотталғандығы болмауы;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (үлгілері қосымшаланған);
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады (үлгі қосымшаланған).
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидат қоғамдық кеңестерге сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
Ұсыныстар мына мекен-жай бойынша: «Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» ММ, Сәтбаев қаласы, Академик Қ.И.Сәтбаев даңғылы, 108, № 35 кабинет, тел.: 3-44-53, 3-50-72, күн сайын қабылданады, жұмыс уақыты 09.00-ден 18.30-ге дейін, үзіліс уақыты 13.00-ден 14.30-ге дейін. Электрондық пошта:
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
.
Ескерту: егер кандидат «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы бойынша мәліметтер ұсынбаған жағдайда кандидат осы мәліметтер бойынша сұраныс жасауға жазбаша келісім береді.
Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесі 2016 жылдың 20 мамыр күні сағат 15.00-де Қ.Сәтбаев даңғылы, 108 орналасқан қала әкімдігінің үлкен залында «Қаланы абаттандыру және архитектуралық келбеті. Көркейту жолдары» тақырыбында қоғамдық тыңдау өткізеді.
Осыған орай, Сіздерді қоғамдық тыңдауға қатысуға шақырамыз және аталған мәселе бойынша өз ұсыныстарыңызды қоғамдық кеңестің хатшысы Д.Р.Тулегеновке төмендегі мекен жай бойынша жолдауға болады: Қ.Сәтбаев даңғылы 106 (Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайы).
Қабылдау тел. 3-34-70
Эл.пошта: tulegenov_ This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
2016 жылғы 28 наурызда Сәтбаев қалалық мәслихатының І ұйымдастыру сессиясы болып өтті, сессияда қалалық мәслихат хатшысын сайлау, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру және олардың төрағаларын сайлау туралы мәселелер қаралды.
Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесі туралы
2016 жылғы 17 ақпанда Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтіп, онда Қоғамдық кеңес мүшелігіне конкурсқа қатысу үшін келіп түскен құжаттар қаралды. Жұмыс тобының төрағасы Т.И.Хмилярчуктің ақпараты бойынша барлығы 8 ұсыныс коммерциялық есем ұйымдардан және 5 өтініш азаматтардан келіп түскен. Конкурсқа қатысуға ұсынылған құжаттар қаралғаннан кейін әр кандидатура бойынша ашық дауыс беру жүргізу арқылы қалыптастырылған қаланың Қоғамдық кеңесінің құрамы қалалық мәслихат сессиясының қарауына жолданды.