Сәтбаев қалалық мәслихатының 25 сессиясының шешімі
Сәтбаев қаласы № _____ 2014 жылғы «___» ___________
Сәтбаев қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңының 13 бабына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сәтбаев қаласы азаматтарының төмендегі санаттарына қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне теңестірілген, мәртебесі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 8 баптарымен белгіленген адамдарға – тегін жол жүру;
2) Ұлы Отан соғысы жылдарында қажырлы еңбегі үшін ордендермен және медальдармен наградталған адамдарға – тегін жол жүру;
3) Ұлы Отан соғысы жылдарында кемiнде алты ай жұмыс iстеген адамдарға – тегін жол жүру;
4) зейнетақының ең төменгі мөлшерін алатын зейнеткерлерге – тегін жол жүру;
5) бірінші және екінші топтағы мүгедектерге – тегін жол жүру;
6) он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балаларға – тегін жүру.
2. Қаржыландыру көзі ретінде қалалық бюджет белгіленсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрайымы Қоңырова Әлия Мешітбайқызы) жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Ж. Күнеділов
Қалалық
мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук
КЕЛІСІЛДІ:
«Сәтбаев қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б. Әпеков
2014 жылғы «___» ақпан