Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі
Сәтбаев қаласы № 253 2014 жылғы 18 маусым
2013 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекіту жөнінде
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес 2013 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы қала әкімдігі ұсынған есепті қарай отырып, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
2013 жылғы қалалық бюджеттің орындалуы туралы есеп келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 4 591 331 мың теңге;
соның ішінде:
салықтық түсімдер – 1 474 665 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 9 239 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 12 204 мың теңге;
ресми трансферттерден түсетін түсімдер – 3 095 203 мың теңге;
оның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер – 416 014 мың теңге;
нысаналы даму трансферттері – 565 845 мың теңге;
субвенция – 2 103 344 мың теңге;
2) шығындар – 4 616 173 мың теңге;
3) операциялық сальдо – 26 650 мың теңге;
4) қарыздар түсімі – 0 мың теңге;
5) қарыздарды өтеу – 0 мың теңге.
Қаржы жылының басына бюджеттік қаражаттардың қалдықтары – 51 512 мың теңге.
Есептегі мерзімнің соңына бюджеттік қаражаттардың қалдықтары – 95 467 мың теңге.
Сессия төрағасы Ә. Қоңырова
Қалалық
мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук