Вторник, 29 Апрель 2025

Телефон доверия

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Сәтбаев қалалық мәслихатының «2014 – 2016 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 198 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Опубликовано в Жобалар және шешімдер Понедельник, 15 Декабрь 2014 08:58

жоба

Сәтбаев қалалық мәслихатының 34 сессиясының шешімі

Сәтбаев қаласы                     № _____              2014 жылғы «___» ___________

Сәтбаев қалалық мәслихатының «2014 2016 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 198 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Сәтбаев қалалық мәслихатының «2014 2016 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 198 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2490 болып тіркелген және 2014 жылғы 10 қаңтардағы № 1(2088) «Шарайна» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«1. 2014 – 2016 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2014 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 5 384 170 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 1 946 730 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 12 574 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 16 512 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша – 3 408 354 мың теңге;

2) шығындар – 5 468 306 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 30 000 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 30 000 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 11 331 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 11 331 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджеттің тапшылығы (профициті) – алу 125 467 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 125 467 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері – 30 000 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 95 467 мың теңге.»;

3 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«3. 2014 жылға арналған қалалық бюджет кірістерінің құрамында мынадай трансферттер қарастырылғаны ескерілсін:

1) республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 461 191 мың теңге сомасында;

2) республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 701 895 мың теңге сомасында;

3) облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 391 734 мың теңге сомасында.»;

4 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«4. 2014 жылға арналған қалалық бюджет шығыстарының құрамында республикалық бюджеттен мынадай ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін:

мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 4 608 мың теңге;

негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға 4 097 мың теңге;

үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыны көтеруге 29 040 мың теңге;

алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеуге 174 мың теңге;

Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде ағымдық іс-шаралар бойынша жобаларды іске асыру үшін кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 39 000 мың теңге;

Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жаңа өндірістерді дамытуға гранттар беруге 13 000 мың теңге;

Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде білім беру саласын ағымдағы жайластыруға 270 463 мың теңге;

мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақысына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге 99 170 мың теңге;

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 440 мың теңге;

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге 400 мың теңге;

көп пәтерлі тұрғын үйлерде энергетикалық аудит жүргізуге 799 мың теңге.»;

5 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«5. 2014 жылға арналған қалалық бюджет шығыстарының құрамында республикалық бюджеттен мынадай нысаналы даму трансферттері қарастырылғаны ескерілсін:

сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға 118 998 мың теңге;

мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға 101 250 мың теңге;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға 481 647 мың теңге.»;

6 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«6. 2014 жылға арналған қалалық бюджет шығыстарының құрамында облыстық бюджеттен мынадай нысаналы даму трансферттері қарастырылғаны ескерілсін:

сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға 1 840 мың теңге;

мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға 183 250 мың теңге;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға 30 389 мың теңге;

моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша көліктік инфрақұрылымдарға 176 255 мың теңге.»;

9 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«9. Қала әкімдігінің 2014 жылға арналған резерві 12 891 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

көрсетілген шешімге 1, 4 қосымшалары осы шешімге 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

         2. Осы шешім 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы                                                                 С. Мырзақоңыров

Қалалық

мәслихат хатшысы                                                            Т. Хмилярчук

Прочитано 1185 раз