Вторник, 29 Апрель 2025

Телефон доверия

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

2015 – 2017 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы

Опубликовано в Жобалар және шешімдер Пятница, 06 Февраль 2015 12:38

Жоба

Сәтбаев қалалық мәслихатының 35 сессиясының шешімі

Сәтбаев қаласы                     № _____              2014 жылғы «___» ___________

2015 – 2017 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. 2015 – 2017 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 5 602 138 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 2 008 612 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 13 460 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 8 095 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша – 3 571 971 мың теңге;

2) шығындар – 5 545 753 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 18 314 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 18 314 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатыноперациялар бойынша сальдо – 56 385 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 56 385 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – алу 18 314 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 18 314 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері – 18 314 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.

2. 2015 жылға арналған қалалық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері мынадай мөлшерлерде белгіленсін:

  1. жеке табыс салығы бойынша – 1 пайыз;
  2. әлеуметтік салық бойынша – 1 пайыз.

3. 2015 жылға арналған қалалық бюджет кірістерінің құрамында мынадай трансферттер қарастырылғаны 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін:

1) республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 1 443 145 мың теңге сомасында;

2) республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 393 059 мың теңге сомасында;

3) облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 142 786 мың теңге сомасында.

4. 2015 жылға арналған қалалық бюджет түсімдерінің құрамында облыстық бюджеттен қала бюджетіне берілетін субвенциялардың көлемі    1 592 981 мың теңге сомасында ескерілсін.

5. 2015 жылға арналған қалалық бюджеттің құрамында Жезқазған кентінің бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 5 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

6. 2015 жылға арналған қалалық бюджет шығыстарының құрамында республикалық бюджеттен мынадай ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін:

мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге төленетін еңбекақы деңгейін арттыруға;

мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін 10 пайыз мөлшерінде ай сайынғы үстемеақы төлеуге;

еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделінің енгізілуіне байланысты, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлеріне, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың жұмыскерлеріне еңбекақы төлеуге.

7. Жергілікті атқарушы органының 2015 жылға арналған резерві 30 000 мың теңге сомасында бекітілсін.

8. 2015 жылға арналған бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 6 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

9. Осы шешім 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы                                                                 С. Мырзақоңыров

Қалалық

мәслихат хатшысы                                                             Т. Хмилярчук

Прочитано 7291 раз