Версия для печати

Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің құрамы туралы

Автор  Опубликовано в Жаңалықтар Среда, 12 Октябрь 2016 00:00
Оцените материал
(0 голосов)

2016 жылғы 11 қазанда Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс 11-сессиясы өтті. Бекітілген күн тәртібіне сәйкес сессияда «Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы 51 сессиясының № 429 шешіміне өзгеріс енгізілді: Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің шешімі негізінде Кеңестің құрамына «Т.Шевченко атындағы украин мәдени орталығы» ҚБ-нен сайланған Р.С. Бурда және «Сәтбаев  қаласының  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нен сайланған С.Ж. Тезекбаев шығарылды.

          Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының осы күні болған отырысында Қоғамдық кеңестің құрамына оның өкілеттігінің қалған мерзіміне конкурс жариялау туралы шешім қабылданды.

Прочитано 5632 раз
Super User

Последнее от Super User