Пятница, 25 Апрель 2025

Телефон доверия

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

2017 – 2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы

Опубликовано в Жобалар және шешімдер Четверг, 29 Декабрь 2016 00:00

Жоба

Сәтбаев қалалық мәслихатының 13 сессиясының шешімі

Сәтбаев қаласы                      № _____              2016 жылғы «___» ___________

2017 – 2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 29 қарашадағы   «2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

$11.    2017 – 2019 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 17 466 284 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 3 323 437 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 13 740 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 9 000 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша – 14 120 107 мың теңге;

2) шығындар – 17 466 284 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатыноперациялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – алу 0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 0 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.

2. 2017 жылға арналған қалалық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері мынадай мөлшерлерде белгіленсін:

$11)   жеке табыс салығы бойынша:

төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын – 100 пайыз;

төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын – 100 пайыз;

төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын – 100 пайыз;

$12)   әлеуметтік салық бойынша – 100 пайыз.

3. 2017 жылға арналған қалалық бюджет кірістерінің және шығындарының құрамында мынадай трансферттер қарастырылғаны 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін:

1) республикалық және облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 868 875 мың теңге сомасында;

2) республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 7 615 456 мың теңге сомасында;

3) облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 1 823 953 мың теңге сомасында.

4. 2017 жылға арналған қалалық бюджет түсімдерінің құрамында облыстық бюджеттен қала бюджетіне берілетін субвенциялардың көлемі         3 811 823 мың теңге сомасында ескерілсін.

5. 2017 жылға арналған қалалық бюджеттің құрамында Жезқазған кентінің бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 5 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

6. 2017 жылға арналған қалалық бюджеттің құрамында жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыру үшін жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін нысаналы трансферттер 6 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

7. Жергілікті атқарушы органның 2017 жылға арналған резерві 60 000 мың теңге сомасында бекітілсін.

8. 2017 жылға арналған бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 7 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

9. Осы шешім 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы                                                               Қ. Жанасылова

Қалалық

мәслихат хатшысы                                                           Т. Хмилярчук

Прочитано 6228 раз