Суббота, 26 Апрель 2025

Телефон доверия

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Сәтбаев қалалық мәслихатының «2021 – 2023 жылдарға арналған Жезқазған кентінің бюджеті туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 651 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Опубликовано в Нормативтік-құқықтық актілер Четверг, 29 Июль 2021 11:39

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Сәтбаев қалалық мәслихатының «2021 – 2023 жылдарға арналған Жезқазған кентінің бюджеті туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 651 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде          № 22015 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«1. 2021 – 2023 жылдарға арналған Жезқазған кентінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 39 910 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 2 025 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша – 37 885 мың теңге;

2) шығындар –  40 921 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 0 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 011 мың теңге.»;

2 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«2. 2021 жылға арналған Жезқазған кентінің бюджеті түсімдерінің құрамында жергілікті бюджеттен Жезқазған кентінің бюджетіне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің көлемі 37 885 мың теңге сомасында ескерілсін.»;

көрсетілген шешімге 1 қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы,

Сәтбаев қалалық

мәслихатының хатшысы                                                           Т. Хмилярчук

Прочитано 585 раз