Вторник, 29 Апрель 2025

Телефон доверия

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Сәтбаев қалалық мәслихатының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 497 «2020 – 2022 жылдарға арналған Жезқазған кентінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Опубликовано в Жобалар және шешімдер Понедельник, 27 Апрель 2020 09:50

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 497 «2020 – 2022 жылдарға арналған Жезқазған кентінің бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5624 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 05 қаңтарда, «Шарайна» газетінің 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 1-2 (2398-2399) нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«1. 2020 – 2022 жылдарға арналған Жезқазған кентінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 49 151 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 2 123 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша – 47 028 мың теңге;

2) шығындар –  49 151 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатыноперациялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 0 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.»;

көрсетілген шешімге 1 қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

         2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы                                                                 В. Юстус

Қалалық

мәслихат хатшысы                                                              Т. Хмилярчук

Прочитано 999 раз