Жұма, 25 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

«Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы

мінез-құлық стандарты

1. «Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарты (әрі қарай – Стандарт) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10 бабына сәйкес әзірленіп және жергілікті өкілді органың жұмысын ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді іске асыру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастар саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесінен тұрады.

Стандарт жергілікті өкілді орган қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлығын қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайына қол жеткізуге, сол сияқты сыбайлас жемқорлық көріністерін тиісті уақытында анықтау мен олардың теріс зардаптарының алдын алуға арналған.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандартын әзірлеуші мемлекеттік органның атауы: «Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі.

3. Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқарудың қоғамдық қатынастарының оқшауланған саласында жұмыс істейтін тұлғалардың мінез-құлқы (іс-әрекеті) ережелері:

3.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартта қозғалатын саладағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру кезінде:

3.1.1. Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын ұстанып іске асыру;

3.1.2. заңды және жеке тұлғалардың құқықтары, еркі мен заңды мүдделері сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ету;

3.1.3. қоғам мен мемлекеттік игілігі үшін жұмыс істеуі, өздерінің іс-әрекеттерімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуы, қоғам мен мемлекеттің игілігі үшін жұмыс істеуі, өздерінің іс-әрекеттерімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуы, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының атына кір келтіретін іс-әрекеттерді жасауға жол бермеу;

3.1.4. кірістер алумен байланысты кәсіпкерлік және өзге де қызметтіжүзеге асыруда беруге көмек көрсетуден бас тартуды ұстану; үшінші адамдардың мүдделерін білдіруден, сондай-ақ олардың атынан іс-әрекеттер жасаудан аулақ жүру;

3.1.5. басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласуды жүзеге асырмау;

3.1.6. тұрғындардың мемлекеттік қызмет алушы ретінде сұрауларына бейімделе отырып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша үнемі шара қолдану;

3.1.7. мемлекеттік қызметті алуға қатысты түскен өтініштерді қарау кезінде кешіктіру фактілеріне жол бермей, белгіленген уақытта ұсыну;

3.1.8. мемлекеттік қызметтер, лицензиялар мен рұқсат қағаздар алуға өтініш бергендермен қызметтік емес қатынастар құрмау;

3.1.9. құқық бұзушылық және қылмыс жасауға тарту әрекеті туралы басшыға хабарлау;

3.1.10. «бір терезе» қағидасын ұстану, мемлекеттік қызметті алушымен тікелей байланысты барынша азайту;

3.1.11. мемлекеттік қызмет көрсету үшін бекітілген тізімге кірмейтін қосымша құжаттардың ұсынылуын талап етпеу және сұратпау;

3.1.12. қызметті алушылардан ақпараттық жүйеден алуға болатын құжаттарды талап етпеу;

3.1.13. автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге (олар болған жағдайда) мемлекеттік қызмет көрсету туралы қарауға қабылданған өтініштер, оларды қарау ахуалы туралы мәліметтерді уақытында енгізу;

3.1.14. лауазымдық міндеттерін атқаруға байланысты мемлекеттік қызметшіге белгілі болған, заңға сәйкес конфиденциялдық сипаттағы мәліметтерге немесе қызметтік ақпаратқа жатқызылатын деректерді жарияламау және мемлекеттік қызметке байланысты емес мақсаттарды пайдаланбау.

3.2. Өз құзыреті шегінде басқару және басқа шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде:

3.2.1. Рулық, жерлестік және жеке сенімділік белгілері бойынша кадраларды іріктеу және орналастыру жағдайларына жол бермеу, меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету;

3.2.2. қарамағындағы қызметкерлердің міндеттері мен қызметтік өкілеттіктерінің көлемін нақты айқындау;

3.2.3. қарамағындағы қызметкерлердің арасында еңбек жүктемелерін тең бөлмеуге жол бермеу;

3.2.4. олардың қызметінің нәтижелерін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдануда әділдік пен объектівтілік көрсету;

3.2.5. нақты орындалмайтын немесе олардың қызметтік міндеттеріне кірмейтін, сондай-ақ қарама-қайшы келетін өкімдер бермеу;

3.2.6. қызметтік емес сипаттағы мәселелерді шешу кезінде қарамағандығалардың қызметіне ықпал ету үшін қызмет бабын пайдаланбау;

3.2.7. қарамағындағы қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мәжбүрлемеу;

3.2.8. қарамағындағы және басқа да қызметкерлердің тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеу және жолын кесу;

3.2.9. қарамағындағы қызметкерлер өздерінің қызметтік міндеттерін орындау барысында олардан туындайтын қызығушылықтар жанжалын реттеу жөніндегі жан-жақты шараларды уақытылы қабылдау;

3.2.10. сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жан-жақты шаралар қабылдау;

3.2.11. қарамағындағылармен құмар ойындарға қатысудан аулық жүру;

3.2.12. қарамағындағыларды қызметтік емес немесе жеке тапсырмаларды орындау үшін тартуға жол бермеу;

3.2.13. қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүдделер қақтығысы жеке қызығушылық туралы, сыбайлас жемқорлыққа немесе сыйлықтар алуға итермелеу туралы тікелей басшыға баяндау;

3.2.14. қызметтік міндеттерін орындау кезінде жеке және арам пиғылды мүдделерді басшылыққа алмау;

3.2.15. басшылар мен әріптестерге қарым-қатыныстың белгіленген тәртібін бұзатын, олардың қызметтік шешімді ымырасыз қабылдауына әсер етуі мүмкін заңсыз өтініш жасаудан аулақ болу;

3.2.16. басқа тұлғаларды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға итермелеу және ынталандырмау;

3.2.17. әріптестеріне, басшыларға және басқа да лауазымды тұлғаларға қызметтік өкілеттігін орындауға байланысты сыйлықтар бермеу;

3.2.18. қызметтік өкілеттігін орындауға байланысты сыйлықтар қабылдамау;

3.2.19. мүліктік және мүліктік емес пайда мен басымдылық алу мақсатында таралуға жатпайтын қызметтік және басқа да ақпаратты пайдаланбау;

3.2.20. егер тағайындау туыстық қатынаста тұратын тұлғалардың (ата-анасы, жұбайы, бауыры, апа-қарындасы, балалары, жиендері, ағалары, тәтелері, әжелері, аталары, жұбайының жақын туыстары) тікелей бағынышына немесе бақылауына байланысты болса, лауазымға тағайындалудан бас тарту;

3.2.21. сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуде, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын ашуда белсенділік таныту;

3.2.22. сыбайлас жемқорлықтың, сол сияқты материалдарды тездетіп қарағаны үшін әлдебір пайда алуға итермелеу немесе сөзбұйдалық бойынша белгілі болған деректер туралы дереу басшылыққа хабарлау;

3.2.23. орындау үшін берілген өкімнің заңдылығы туралы күмәнді дереу жазбаша түрде тікелей басшыға хабарлау;

3.2.24. егер тікелей басшының өзі мүдделер қақтығынсында болса, жоғары тұрған басшылыққа жүгіну;

3.2.25. жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қолдау және әріптестерінен талап ету;

3.2.26. орын алуы мүмкін мүдделер қақтығысының, сыбайлас жемқорлық құқық бұзулықтары мен олардың зардаптарының себептері мен жағдайларын жою бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдау.

3.3.Нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу кезінде:

3.3.1. заңдылықтың қағидаттарын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарымен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтау;

3.3.2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық және нормативті құқықтық актілерді қабылдау кезінде жеке және (немесе) ұжымдық мүдделер үшін дискрециялық нормалардың, қос мағыналы, жалпылама түйіндеулердің болуына, қолданыстағы заңнаманың олқы тұстары мен қайшылықтарын пайдалануға жол бермеу;

3.3.3. нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезінде қолданыстағы заңнамамен белгіленген тікелей өкілеттіктің болуын басшылыққа алу.

3.4. тіршілік саласының ерекшеліктеріне байланысты туындайтын басқа қарым-қатынастар кезінде:

3.4.1. олардың алдын алу, бұзушылық деректері қайталап орын алуына жол бермеу, сыбайлас жемқорлық қателерін зерделеу мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдарда сыбайлас жемқорлық көріністері деректерін тұрақты негізде зерделеу;

3.4.2. сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету іс-шараларының жүйесін енгізудің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу және басшылыққа енгізу;

3.4.3. материалдық-техникалық және өзге қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлікті тек өзінің лауазымдық міндеттерін орындауға байланысты қолдану.

4. Басқа да шектеулер мен тыйымдар:

4.1. мемлекеттік қызметшілерге саяси партиялардың, басқа қоғамдық бірлестіктердің, діни бірлестіктер мен басқа да ұйымдардың шешімдері өзінің кәсіби қызметтік жұмысына әсер етуіне жол бермейтін бейтараптық қатынас ұстану қажет;

4.2. мемлекеттік қызметшілер сайлау алдындағы үгіт үшін, сол сияқты референдум мәселесі бойынша үгіттеу үшін лауазымдық жағдайының басымдығын пайдаланбаулары керек;

4.3. мемлекеттік қызметшілер саяси партиялардың, басқа қоғамдық бірлестіктердің, діни бірлестіктер мен басқа да ұйымдардың мүдделері үшін өзінің лауазымдық құзыретін пайдаланбауы керек.