Сәтбаев қаласының Қоғамдық
кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобымен әзірленген
Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесі – коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп құрылған жергілікті мемлекеттік басқару органдары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша құратын консультативтік-кеңесші, бақылаушы орган.
3. Мемлекеттік органдардың жанынан Заңда көзделгеннен өзгеше тәртіппен құрылатын консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар және коммерциялық емес ұйымдар «Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесі» атауына ие бола алмайды және Заңда белгіленген өкілеттіктерді толық көлемде иелене алмайды.
4. Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, оған сәйкес заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
5. Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің ұсынымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдерді қабылдайтын және уәжді жауаптар беретін мемлекеттік органдардың қарауы үшін міндетті болып табылады.
2. Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру тәртібі
7. Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесі мемлекеттік органдардың өкілдерінен және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, азаматтардан тұратын жұмыс тобы қалыптастырады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде адамдардың өзін-өзі ұсынуы мүмкін.
8. Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесіндегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс.
9. Қоғамдық кеңес өкілеттіктерінің мерзімі үш жылды құрайды. Қоғамдық кеңес мүшелерінің санының құрамын жұмыс тобы айқындайды.
10. Жұмыс тобы конкурс туралы хабарландыруды атауын, пошта мекенжайын, құжаттарды тапсыру мерзімдерін, конкурсқа қатысу үшін «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 10-бабына сәйкес құжаттар және өзге де мәліметтер жіберілетін электрондық поштаның мекенжайын көрсете отырып, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырады.
11. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесіне бір ғана өкіл сайлана алады.
12. Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің қалыптастырылған құрамы мемлекеттік органның шешімімен немесе жергілікті өкілді органның шешімімен бекітіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) тиісті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
13. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру тәртібінің өзге де мәселелері мемлекеттік органның басшысы немесе жергілікті өкілді орган бекітетін Қоғамдық кеңес туралы ережеде айқындалады.
3. Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу тәртібі, оны өткізу мерзімі және жұмыс тобының өкілеттіктері
14. Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу тәртібі, оны өткізу мерзімі және жұмыс тобының Қоғамдық кеңес туралы үлгі ережесімен Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген.
4. Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің мақсаты мен міндеттері
15. Азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесі қызметінің мақсаты болып табылады.
16. Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің міндеттері:
1) азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру;
2) жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту;
3) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.
5. Қоғамдық кеңестер қызметінің қағидаттары
Қоғамдық кеңестер өз қызметін мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
1) тәуелсіздік;
2) мүшелерінің қоғамдық негіздегі қызметі;
3) автономдық;
4) дербестік;
5) жариялылық.
6. Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің өкілеттігі
17. Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесінің өкілеттігіне мыналар:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, стратегиялық жоспарлардың немесе қаланы дамыту бағдарламаларының жобаларын, талқылау;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының, стратегиялық жоспарлардың немесе қаланы дамыту бағдарламаларының орындалуын талқылау;
3) атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін талқылау;
4) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, қайырымдылықтан түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерін талқылау;
5) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу;
6) қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды мемлекеттік органдарға енгізу;
8) қоғамдық бақылауды «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңда көзделген өзге де нысандарда жүзеге асыру;
9) Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын оның бірінші отырысында талқылау және бекіту үшін мемлекеттік органға енгізу;
10) қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құру жатады.
11) жергілікті мемлекеттік басқару органдарының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер қатынастарын реттеу мәселелері жөніндегі жұмысына қатысу жатады.
12) "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органның өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты құру туралы шешімінің жобасын қарау;
13) мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, жергілікті деңгейде заңдылықты қамтамасыз ету және адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын сақтау мәселелері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде құқық қорғау органдары басшыларының ақпаратын тыңдау.
18. Осы бөлімнің 1-тармағының 2), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген өкілеттіктердің орындалу қорытындылары бойынша Қоғамдық кеңес тиісті мемлекеттік органға ұсынымдар енгізеді, ол тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қоятын уәжді жауапты бір ай ішінде, ал 1) тармақша бойынша он жұмыс күні ішінде береді.
6. Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің және оның
мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
19. Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесі мүшелері өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негізде және тәртіппен мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына кіруге;
2) тиісті мемлекеттік органмен келісу бойынша жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өзге де жұмыс органдарының жұмысына қатысуға;
3) «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңда белгіленген өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына жүгінуге құқығы бар.
20. Өз қызметінде Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесі және оның мүшелері:
1) Конституцияның, оған сәйкес келетін заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын сақтауға;
2) өз қызметін жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыруға;
3) жылына екі реттен сиретпей бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) интернет-ресурстар арқылы халыққа Қоғамдық кеңестің қызметі туралы ақпарат беруге;
4) өз қызметі туралы жылдық есепті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға және (немесе) тиісті мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
Қоғамдық кеңес отырыстарын өткізу шарттары мен тәртібі
21. Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің бірінші отырысын жұмыс тобының жетекшісі – қалалық мәслихаттың хатшысы ашады.
Осы отырыста ашық дауыс беру арқылы Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің төрағасы, хатшысы және төралқасының барлық құрамы сайланады.
Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы оның мүшелерінен - мемлекеттік қызметте жоқ белгілі қоғам қайраткерлерінен сайланады.
22.Қоғамдық кеңес комиссияны Қоғамдық кеңес қызметінің басымдықтарына байланысты Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатарынан құрады.
23. Қоғамдық кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі. Қажет болған жағдайда Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспары әзірленеді және Қоғамдық кеңес отырысында бекітіледі.
24. Қоғамдық кеңес отырысы Қоғамдық кеңес мүшелерінің жалпы
санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп саналады. Қоғамдық кеңес мүшелерінің бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуына рұқсат етіледі.
25. Қоғамдық кеңес төрағасы өз құзыреті шеңберінде:
1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады;
2) осы Ережеге және отырыстың бекітілген күн тәртібіне сәйкес отырыста төрағалық етеді;
3) Қоғамдық кеңес мүшелерінен ұсыныстар келіп түсуіне қарай Қоғамдық кеңес шешімімен белгіленген тәртіппен кезектілік бойынша оларға сөз береді;
4) келіп түсуіне қарай Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсынысын дауыс беруге қояды;
5) дауыс беруді жүргізеді және оның нәтижелерін жариялайды;
6) Қоғамдық кеңес отырыстары хаттамаларының жүргізілуін бақылайды;
7) Қоғамдық кеңес атынан құжаттарға қол қояды;
8) Қоғамдық кеңес шешімдерін іске асыру бойынша қызметті үйлестіреді;
9) кеңесші дауыс құқығымен республикалық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік органның отырыстарына қатысады;
10) өзі болмаған уақытта Қоғамдық кеңес төралқасының бір мүшесіне төрағаның міндетін атқару құқығын береді;
11) қажет болған жағдайда мемлекеттік органдардан Қоғамдық кеңестің отырыстарында қаралатын мәселелерге қатысты қосымша материалдарды сұратады.
26. 2. Қоғамдық кеңестің хатшысы:
1) Қоғамдық кеңестің отырыстарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді;
2) Қоғамдық кеңесте іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің орындалу мерзімдеріне бақылау жасайды.
3) Қоғамдық кеңестің хатшысы Қоғамдық кеңес мүшесі болып табылмайды.
4) Қоғамдық кеңестің қызметін қамтамасыз ету бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Хатшы болмаған кезде оның функциялары Қоғамдық кеңес отырысының хаттамалық шешімімен Қоғамдық кеңес мүшелерінің біреуіне жүктеледі.
27. Қоғамдық кеңестің мүшесі жазбаша нысанда өтініш беру арқылы өз қалауы бойынша оның құрамынан шыға алады.
28. Қоғамдық кеңес мүшесінің денсаулық жағдайына байланысты не өзге де негіздер бойынша оның жұмысына қатысуы мүмкін болмаған жағдайда Заңда айқындалған тәртіпте Қоғамдық кеңестің шешімі бойынша мүшеліктен мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.
29. Қоғамдық кеңес Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес конкурс нәтижелері немесе мемлекеттік органның шешімі бойынша Қоғамдық кеңестің құрамына шыққан адамның қалған мерзіміне жаңа мүшені қосу туралы шешім қабылдайды.
Отырыстарды өткізу және шешім қабылдау тәртібі
30. Қоғамдық кеңес жұмысының негізгі нысаны отырыстар болып
табылады, олар мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды болып саналады.
31. Қоғамдық кеңестің отырыстары Заңның 5-бабының 1-тармағында
көрсетілген мәселелер бойынша өткізіледі.
32. Қажет болған жағдайда Қоғамдық кеңестің шешімі бойынша Қоғамдық кеңестің отырысына қатысу үшін мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсіподақтар мен басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен мамандар шақыруы мүмкін.
33. Қоғамдық кеңестің отырысында хаттама жүргізіледі, онда:
1) отырыстың өтетін орны мен уақыты;
2) қатысушылар саны;
3) сөз сөйлеген лауазымды адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
4) күн тәртібі, есеп пен баяндаманың мазмұны белгіленеді.
34. Қоғамдық кеңестің отырыстары ашық болып табылады.
35. Мәселелерді қарау нәтижелері бойынша Қоғамдық кеңес мемлекеттік органдардың қарауы міндетті болып табылатын ұсынымдарды қабылдайды.
36. Қоғамдық кеңестің шешімдері Қоғамдық кеңес отырысына қатысушылардың жалпы санының басым дауысымен қабылданады. Шешімдер хаттамамен ресімделеді, оған Қоғамдық кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды.
37. Қоғамдық кеңестің отырысында қаралатын мәселелер бойынша шешім қабылданған кезде Қоғамдық кеңестің әрбір мүшесі бір дауысқа ие болады. Тең дауыс санын жинаған кандидаттар бойынша жұмыс тобы басшысының дауысы шешуші болып есептеледі.
38. Қоғамдық кеңестің қызметімен байланысты құжаттар Қоғамдық кеңесті құруға қатысқан мемлекеттік органда, оның өкілеттік ету мерзімінде электрондық және/немесе қағаз түрінде сақталады.
Сонымен бірге Қоғамдық кеңестің өкілеттілік мерзімі аяқталғаннан кейін Қоғамдық кеңестің қызметіне қатысты құжаттар мемлекеттік органның архивіне сақтауға беріледі.
8. Қорытынды ереже
39. Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесі қызметінің жүзеге асырылу тәртібі және оның өкілеттігін қоғамдық бақылау саласында іске асыру Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңымен айқындалады.
Сәтбаев қаласының Қоғамдық
кеңесін қалыптастыру жөніндегі
жұмыс тобымен әзірленген