Жұма, 25 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Жаңалықтар (230)

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ұлытау облысының Сәтбаев қалалық мәслихаты округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарлайды.

Округтік сайлау комиссияларының сандық құрамы бес мүшеден тұрады.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2022 жылғы 30 желтоқсаннан 2023 жылғы 13 қаңтарға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

           2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған  https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-satpaev?lang=ru,  https://satpaev-maslihat.gov.kz.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау   комиссияларының   құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 13 қаңтарға дейін қоса алғанда сағат 09:00-18:30 аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 30-ге дейін.

СӘТБАЕВ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫ

Қалалық мәслихаттың мекен-жайы: Сәтбаев қаласы, акад. Қ. Сәтбаев даңғылы, 108.

Қалалық мәслихаттың хатшысы – Хмилярчук Татьяна Ивановна.

Материалдарды жинауға жауапты: Қожахметова Баян Ерланқызы, қалалық мәслихаттың бас маманы, жұмыс тел. (871063) 3-50-72, факс: (871063) 3-45-23, электрондық почта мекен-жайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. .

Сәтбаев қалалық мәслихаты округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:

п/п

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

Сайлау комиссиясы мүшелерінің бос орындарының саны

1

№ 1 сайлау округініңокругтік сайлау

комиссиясы

Сәтбаев қ, Бабыр би көшесі, 5, жалпы білім беретін мектеп ғимараты

5

2

№ 2 сайлау округінің округтік сайлау

комиссиясы

Сәтбаев қ, Наурыз көшесі, 7, № 27 жалпы білім беретін мектеп ғимараты

5

3

№ 3 сайлау округінің округтік сайлау

комиссиясы

Сәтбаев қ, Әубәкір Құсайынов көшесі, 31, Сәтбаев қаласының балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ғимараты

5

4

№ 4 сайлау округінің округтік сайлау

комиссиясы

Сәтбаев қ, Әубәкір Құсайынов көшесі, 23а, Сәтбаев индустриалдық колледжінің ғимараты

5

5

№ 5 сайлау округінің округтік сайлау

комиссиясы

Сәтбаев қ, Наурыз көшесі, 144, Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп - гимназиясының ғимараты

5

6

№ 6 сайлау округінің округтік сайлау

комиссиясы

Сәтбаев қ, Академик Қаныш Сәтбаев   даңғылы 113,   "Айналайын"бөбекжай – балабақша ғимараты

5

7

№ 7 сайлау округінің округтік сайлау

комиссиясы

Сәтбаев қ, Абай Құнанбаев көшесі , 8а, «Гүлдер» балабақша ғимараты

5

8

№ 8 сайлау округінің округтік сайлау

комиссиясы

Сәтбаев қ, академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, 106, Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер Сарайының ғимараты

5

9

№ 9 сайлау округінің округтік сайлау

комиссиясы

Сәтбаев қ, Абай Құнанбаев көшесі , 67а, оқушылар Сарайының ғимараты

5

10

№ 10 сайлау округінің округтік сайлау

комиссиясы

Сәтбаев қ, Павел Шаталюк көшесі, 40, "Нұрбөбек" бөбекжай-балабақша ғимараты

5

11

№ 11 сайлау округінің округтік сайлау

комиссиясы

Сәтбаев қ, Абай Құнанбаев көшесі, 5, Сәтбаев қаласының поликлиника ғимараты

5

12

№ 12 сайлау округінің округтік сайлау

комиссиясы

Сәтбаев қ, Академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, 154, №16 жалпы білім беретін мектеп ғимараты

5

қосымша

Қалалық мәслихаттың кезекті 37 сессиясы

| Автор:  Бейсенбі, 29 Желтоқсан 2022 10:40

Бүгін қалалық мәслихаттың хатшысы Т.И.Хмилярчуктың төрағалығымен өткен кезекті 37 сессияда депутаттар негізгі қаржылық құжат - Сәтбаев қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджетін бекітті.

Сессия отырысы ұйымдастырушылық мәселеден басталды. Қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Н.А. Геймбух шығып қалған депутаттың орнына қалалық мәслихат депутатын тіркеу туралы хабарлама жасап, «АМАНАТ» партиясы қалалық филиалы Саяси кеңесі бюросының шешімі негізінде депутаттық мандат берілген Гатиятова Гүлназ Рашитқызына депутаттық куәлік пен төсбелгіні табыс етті.

Одан әрі депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді қарады. Қала бюджетінің жобасын «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Қожахметов А.М. баяндады. Тұрақты комиссияның қорытындысында аталып өтілгендей, бюджет жобасы өзінің әлеуметтік бағытын сақтап қалды және барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді. 2023 жылға арналған бюджетте қаланы абаттандыруға жұмсалатын шығындарды ұлғайту көзделген. Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес қалалық мәслихаттың Регламенті және «Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі, сонымен қатар кадрлық өзгерістерге байланысты қала әкімі жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың құрамдары бекітілді.

Қала әкімі А.А.Ыдырысовтың, мемлекеттік мекеме басшыларының, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен сессия «Аitube» арнасы арқылы тікелей эфирде жүргізілді.

Тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысы

| Автор:  Сәрсенбі, 28 Желтоқсан 2022 00:00

Сәтбаев қаласының үшжылдық бюджетінің жобасы бүгін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысында қаралды.

Отырыста «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.М.Қожахметовтың 2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы негізгі баяндамасынан кейін мемлекеттік мекемелердің басшылары алдағы жылдарға арналған бюджеттің атқарылуының тікелей және түпкілікті нәтижелері туралы сөз алды.

Қарау қорытындысы бойынша бюджет жобасын сессияның бекітуіне енгізу жөнінде қаулы қабылданды.

Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының сайлау комиссияларының шығып қалғандарының орындарына мүшелер сайлау туралы ХАБАРЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ұлытау облысының Сәтбаев қалалық мәслихаты сайлау комиссияларының шығып қалғандарының орындарына мүшелер сайлау туралы хабарлайды.

Сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2022 жылғы 29 желтоқсаннан 2023 жылғы 12 қаңтарға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

           2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған  https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-satpaev?lang=ru.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау   комиссияларының   құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы  12 қаңтарға дейін қоса алғанда сағат 09:00-18:30 аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 30-ге дейін.

СӘТБАЕВ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫ

Қалалық мәслихаттың мекен-жайы: Сәтбаев қаласы, акад. Қ. Сәтбаев даңғылы, 108.

Қалалық мәслихаттың хатшысы – Хмилярчук Татьяна Ивановна.

Материалдарды жинауға жауапты: Қожахметова Баян Ерланқызы, қалалық мәслихаттың бас маманы, жұмыс тел. (871063) 3-50-72, факс: (871063) 3-45-23, электрондық почта мекен-жайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. .

Сәтбаев қалалық мәслихаты бос орындарға учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:


п/п

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

Сайлау комиссиясы мүшелерінің бос орындарының саны

1.

Қалалық сайлау комиссиясы

Сәтбаев қаласы, Академик Қ. Сәтбаев даңғылы, 111, 65 каб.қалалық ұйымдар ғимараты

1

2.

№ 281

Сәтбаев қаласы, Бабыр би көшесі, 5 , «№ 5 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ)

2

3.

№ 284

Сәтбаев қаласы, Наурыз көшесі, 7, «№ 27 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

1

4.

№ 285

Сәтбаев қаласы, Жеңіс көшесі, 17б,  «№ 3 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

1

5.

№ 286

Сәтбаев қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 28, Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Сәтбаев қаласындағы мамандырылған олимпиалдық резервтегі балалар-жасөспірімдер мектебі» КММ

1

6.

287

Сәтбаев қаласы, Әубәкір Құсайынов  көшесі, 23а, «Сәтбаев индустриалдық колледжі» КММ

1

7.

№ 289

Сәтбаев қаласы, Наурыз көшесі, 144, «№ 1 мектеп – гимназиясы» КММ

2

8.

№ 290

Сәтбаев қаласы, Наурыз көшесі, 144, «№ 1 мектеп – гимназиясы» КММ

3

9.

№ 292

Сәтбаев қаласы, Академик Қ. Сәтбаев даңғылы, 106, Сәтбаев қаласының мәдени-демалыс орталығы»  КМҚМ «Сәтбаев қаласы мәдениет және тілдер дамыту бөлімі» ММ

1

10.

№ 293

Сәтбаев қаласы, Академик Қ. Сәтбаев даңғылы, 106, Сәтбаев қаласының мәдени-демалыс орталығы»  КМҚМ «Сәтбаев қаласы мәдениет және тілдер дамыту бөлімі» ММ

1

11.

№ 294

Сәтбаев қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 12а,  «№ 25 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

1

12.

№ 295

Сәтбаев қаласы, Академик Қ. Сәтбаев даңғылы, 139 қ-с, «№ 9 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

5

13.

№ 296

Сәтбаев қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 11, 2-ғимарат, «С.Сейфуллин атындағы гимназия» КММ

1

14.

№ 297

Сәтбаев қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 11а, «№ 19 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

4

15.

№ 298

Сәтбаев қаласы, Академик Қ.Сәтбаев даңғылы, 114а, «Абай атындағы № 4 лицей-мектебі» КММ

3

16.

№ 299

Сәтбаев қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 5, «Балалар өнер мектебі» КМҚК

1

17.

№ 300

Сәтбаев қаласы, Ерден көшесі, 199, "Лекерова " ЖШС

1

18.

№ 301

Сәтбаев қаласы, Ерден көшесі, 217, «№ 15 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

3

19.

№ 303

Сәтбаев қаласы,Академик Қ.Сәтбаев даңғылы, 154,  «№ 16 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

1

20.

№ 304

Сәтбаев қаласы, Академик Қ. Сәтбаев даңғылы, 139 қ-с, «№ 9 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

6

21.

№ 305

 Сәтбаев қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 5, «Сәтбаев қаласының емханасы» КМК

2

22.

№ 306

Сәтбаев қаласы, Ерден көшесі, 217, «№ 15 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

4

қосымша

VІІ шақырылған Сәтбаев қалалық мәслихаты

хатшысының шешімі

Сәтбаев қаласы                                                              2022 жылғы 12 желтоқсан

Қалалық мәслихаттың 37-сессиясын шақыру туралы

Сәтбаев қалалық мәслихатының кезекті отыз жетінші сессиясы 2022 жылғы 28 желтоқсанда сағат 11.00-де қалалық әкімдіктің мәжілістер залында /Қ.Сәтбаев даңғылы, 108/ келесі күн тәртібімен шақырылсын:

1. Қалалық сайлау комиссиясының хабарламасы туралы.

2. 2023 – 2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы.

3. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысының атқарған жұмысы туралы есебі жөнінде.

4. Қалалық мәслихаттың экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі жөнінде.

5. Әртүрлі.

Қалалық мәслихат хатшысы                                                         Т. Хмилярчук