2022 жылдың 18 наурызында Б.Бұлқышев атындағы орталық кітапханада қаланың кітапхана жүйесінің және халықты әлеуметтік қорғау саласының еңбек ұжымдарымен депутаттардың кездесуі өтті. Жиналғандар алдында сөз алған мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук, АMANAT партиясы қалалық филиалының атқарушы хатшысы Қ.Балмағамбетов, депутат, жеке кәсіпкер Ш.Жанғаскинова еліміздегі саяси жағдай, қала дамуының проблемалары мен перспективалары, депутаттық өкілеттіктерін орындауы туралы және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жолдауын іске асыру міндеттері туралы баяндады. Кездесу соңында депутаттар жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді, олардың ой-пікірлерін тыңдады.
2022 жылдың 17 наурызында қалалық мәслихат хатшысы Т.Хмилярчуктың төрағалық етуімен Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс 27-сессиясы болып өтті. Сессияда күн тәртібі бойынша 2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгерістер енгізу мәселесі бойынша «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы А.Е.Қарабекованың баяндамасы тыңдалып, тиісті шешім қабылданды.
Тұрақты комиссиялардың 2022 жылғы 17 наурызда өткен кеңейтілген отырысында «Жергілікті атқарушы органның этносаралық және конфессияаралық келісім саласындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға және азаматтық қоғам институттарын дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысы туралы» және «Жергiлiктi атқарушы органның ортақ мүлiктi ұстау және сақтау үшiн кондоминиум объектiсiн басқару нысандарын таңдау жөнiндегi пәтерлер иелерi арасындағы жұмысы туралы» мәселелер қаралды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы А.Қ.Құрақбай, «Сәтбаев қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Ж.С.Сейлова баяндамалар жасады. Депутаттар талқыланған мәселелер төңірегінде бірқатар сыни ескертпелер айтып, жауапты орындаушылардың қызметін жақсартау жөнінде ұсыныстар қамтылған қаулылар қабылдады. Отырысқа мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук, қала әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік емес ұйымдар басшылары қатысты.
VІІ шақырылған Сәтбаев қалалық мәслихаты
хатшысының шешімі
Сәтбаев қаласы 2022 жылғы 14 наурыз
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 27-сессиясын шақыру туралы
Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма жетінші сессиясы 2022 жылғы 17 наурызда сағат 16.00-де қалалық әкімдіктің мәжілістер залында /Қ.Сәтбаев даңғылы, 108/ келесі күн тәртібімен шақырылсын:
Сәтбаев қалалық мәслихатының «2022 – 2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 148 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Тұрақты комиссиялардың отырыстары 2022 жылғы 17 наурызда сағат 15.00-де қала әкімдгінің кіші залындаөтеді.
Қалалық мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук
Коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдайдың елімізде жалпы жақсаруына байланысты депутаттар еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізуді бастады. 2022 жылғы 10 наурызда депутаттар Сәтбаев индустриалдық колледжінде болып, оқытушылар құрамымен және жоғары курс студенттерімен қоғам өмірінің өзекті мәселелерін талқылады. Қалалық мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен даму болашағы туралы баяндама жасады.«АМАНАТ» партиясы қалалық филиалының атқарушы хатшысы Қ.Балмағамбетов және депутат Қ.Смайлов партияның сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасының және депутаттық өкілеттіктердің жүзеге асырылу барысына тоқталды. Депутаттар сонымен қатар кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.