Сенбі, 26 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Жаңалықтар (230)

Қалалық Қоғамдық кеңес өз жұмысын «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңына және 2021 жылға бекітілген жоспарына сәйкес жүргізді.

Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамы 12 адамды құрайды, оның ішінде ерлер - 7, әйелдер - 5; мемлекеттік қызметшілер -1.

Қоғамдық кеңестің жанында 3 комиссия құрылған: бюджет, экономикалық сала және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі комиссия, төрағасы Ә.Ө.Инсебаев,әлеуметтік сала және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі комиссия, төрағасы А.Б.Дастанов, коммуналдық сала мәселелері жөніндегі комиссия, төрағасы А.М.Тұрлыбек.Қоғамдық кеңес өз жұмысы барысында бірлескен рейдтер, мемлекеттік тапсырыстарды орындайтын органдар мен мердігер ұйымдардың басшыларын отырыстарға шақыру, қаралатын мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу арқылы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын әзірледі.

         Есепті кезеңде кеңестің 12 отырысы өткізіліп, онда келесі мәселелер қаралды:«Қоршаған ортаны қорғау мәселелері және олардың қала халқының денсаулығына әсері туралы, «Инфляциялық үдерістерді тежеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы», «Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын және оларды ұсыну кезінде заңдылықты сақтауды арттыру».

Қоғамдық кеңес жұмысының негізгі бағытының бірі мемлекеттік органдар басшыларының жұмыс нәтижелері бойынша есептерін тыңдау болып табылады. 2021 жыл ішінде 8 басшының есебі тыңдалды. Бұл: «Сәтбаев қаласының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттер туралы» Сәтбаев қаласы әкімінің есебі; «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ - «Аудандық (қалалық) кітапханалардың жұмыс істеуі» бағдарламасын іске асыру туралы;«Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ - «Радикалды идеологияның ықпалынан зардап шеккен адамдарға әлеуметтік-психологиялық бейімделу, діни экстремизмнің алдын алу және оңалтуға көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу» бюджеттік бағдарламасының орындалуы туралы; Сәтбаев қалалық ішкі істер бөлімінің 2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша «Құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қорғау және рұқсат етілмеген үйінділерді жою және қоқысты сәйкес емес жерлерге шығару бойынша қабылданған шаралар туралы» - Сәтбаев қаласы полиция бөлімінің бастығының орынбасары есебі; «Сәтбаев қаласының ТКШ, ЖК, АТ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ - «Жеңіс саябағын қайта құру» бюджеттік бағдарламасының орындалысы туралы; «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ - «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бюджеттік бағдарламасының орындалуы туралы есебі. «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ - «ҚР мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту» бюджеттік бағдарламасының орындалуын талдау.

Есептерді тыңдау барысында Қоғамдық кеңес 26 ұсыныс енгізді, оның 12-сі орындалды, 14-і шешу барысында. ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 18-бабына сәйкес Қоғамдық кеңестер бақылауды қоғамдық тыңдау рәсімі арқылы жүзеге асырады. Қоғамдық бақылаудың негізгі нысандары: қоғамдық мониторинг; қоғамдық тыңдау; қоғамдық сараптама.

2021 жыл ішінде Қоғамдық кеңес жанынан 5 жұмыс тобы құрылды, оның ішінде инфляциялық үдерістерді тежеу ​​бойынша 1 топ, қалалық бюджеттік бағдарламалардың орындалуын бақылау бойынша 4 топ:

$1-                   «Жеңіс саябағын» қайта құру; 2021 жылдың наурыз-қазан айлары, қатысушылар саны – 6, топ басшысы А.Т.Мұлақов.

$1-                 «Ұлы Дала» этнопаркінің құрылысы; 2021 жылдың мамыр қазан айлары, қатысушылар саны – 4, топ басшысы А.М.Тұрлыбек.

$1-                 Сәтбаев қаласының автокөлік жолдардың орташа жөндеуден өтізуінің бақылау сапасын; 2021 жылдың мамыр-қыркүйек айлары, саны -5, топ басшысы А.М.Тұрлыбек.

$1-                 2021 жылдың мамыр-қазан айлары аралығында 4-ші және 5-ші шағын аудандардың және қаланың төменгі бөлігіндегі тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру; қатысушылар саны – 4, топ басшысы А.Ө.Қошанов.

$1-                 Инфляциялық процестерді тежеу ​​бойынша мемлекеттік органдардың қабылдаған шаралары; мерзімі бір жыл ішінде, қатысушылар саны - 6, топ басшысы Ш.С.Жанғаскинова.

       Жұмыс топтардың құрамы кеңес отырысында бекітіліп, жұмыстың ыңғайлылығы үшін мониторингте қарайтын сұрақтар әзірленді.Мониторинг барысында туындаған ескертулер мен ұсыныстар жауапты бөлімдерге және қала әкімдігіне жазбаша түрде жеткізіліп, мердігерлер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлерін шақырумен орнында шешілді.Инфляциялық үдерістерді тежеу ​​мәселесі бойынша жұмыс тобымен әкімдік ұйымдастырған жәрмеңкелердегі әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасына, облыстық тұрақтандыру қорынан алынған тауарлардың сатылуына т.б. бойынша мониторинг жүргізілді және нәтижелері кеңес отырысында қаралды. Қоғамдық кеңес мүшелері Қарағанды ​​облысы бойынша «Жол активтерінің сапасы орталығы» РМҚК жүргізіп жатқан асфальт жол жобынының сапасын бақылауға да қатысты.

Қоғамдық кеңестің қарауына келіп түскен 35 нормативтік құқықтық акті қаралып, онда кеңестің 8 ұсынысы енгізіліп, мемлекеттік органдармен қабылданды. Келесі ұсыныстар айтылды:

$1-                 қала бюджетіне өзгерістер енгізу кезінде көп балалы аналар мен ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға, мүгедектер мен қарт азаматтарға мереке күндеріне төленетін біржолғы төлемдердің мөлшерін 5 мың теңгеден 10 мың теңгеге дейін ұлғайту;

$1-                 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына 1, 2 топтағы мүгедектерге 5 мың теңге мөлшерінде біржолғы көмек бөлу туралы;

$1-                 «Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің қала маңындағы жайылымдық жерлерді аукционға қоюдан бас тарту туралы; бұл жерлер жайылымға пайдаланылады;

$1-                 «Сәтбаев қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің лифтілерді жөндеу мен ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеу қағидаларының Ережесі туралы» Сәтбаев қаласы әкімдігінің қаулысында Ереженің соңғы тармағында мамандандырылған уәкілетті ұйымның қосалқы мердігерлерді тарту құқығын алып тастау.

$1-                 001 бағдарламасы бойынша қаржы бөлу, оқшаулау аймағын жоспарлау және қаңғыбас жануарларға арналған қоршауларды орнату, осы жобаны қала жұртшылығына таныстырып, келістіргенге дейін кейінге қалдыру;

$1-                 көше саудасы үшін орнатылатын 20 дүңгіршектің құны 4000 мың теңгеге дейін төмендетілді;

$1-                 2022 жылға арналған бюджетті нақтылау кезінде Наурыз мейрамы, Тәуелсіздік күні, сондай-ақ есте қаларлық күндерді мерекелеу кезінде әлеуметтік қорғалатын азаматтардың санаттарына 10,0 мың теңге сомасында біржолғы материалдық көмек көрсету туралы Қоғамдық кеңестің ұсынысы ескертілетін болады;

$1-                 денсаулық сақтау қызметкерлерін марапаттау іс-шараларына арналған шығыстар 200,0 мың теңгеге көбейді.

           Қоғамдық кеңестің төрағасы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді. Қоғамдық кеңеске 4 өтініш келіп түсті/ қалалық аурухананың терапевтік бөлімшесінде жөндеу жұмыстарының жоқтығы; тыл еңбеккеріне баспана алу; қаланы абаттандыру; көп балалы анаға тұрғын үй алудың кезектілік тәртібі туралы. Ұсыныстардың төртеуі де қаралды, екеуіне мемлекеттік органдарға хаттар жолданды және оң шешімдер қабылданды, біреуі қаралуда, біреуі Қазақстанның Республикасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы заңнамасымен нақтыланды.

Қоғамдық кеңес мүшелері жыл ішінде Ұлттық экономика және даму министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің электр, жылу, су тарифтерін көтеру мәселелері бойынша өткізілген қоғамдық тыңдауларға белсенді қатысты. Сондай-ақ, кеңес ««Kazakhmys Distribution Корпорациясы» ЖШС басшылығымен ОДН (жалпы тұрғын үйді есепке алу аспаптары) тұтынған электр энергиясы үшін ақы алу және тарифті көтеру бойынша жұмыс жүргізді. Осыған байланысты, «Kazakhmys Distribution» ЖШС бас директорына хат жолданды және үйлерінде жалпы үйді есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін ОДН бірыңғай тарифін белгілеу туралы ұсыныс енгізілді.

Осы жылдың наурыз айында Қоғамдық кеңес отырысында Қарағанды облысы экология департаменті өкілінің қатысуымен қала тұрғындарын толғандырып жүрген «Қоршаған ортаны қорғау және оның қала тұрғындарының денсаулығына әсері» туралы мәселе қаралды. Қоғамдық кеңес мүшелері «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-на қарасты өңдеу зауытының қалдық қоймасының қала экологиясына тигізетін әсері мен оларды одан әрі қалпына келтіруге қатысты шағымдарын жеткізді. Осы мәселе бойынша «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС атқарушы директорына хат жолданып, аталған жерлерді рекультивациялау мәселесі пысықталып жатқаны және 2021-2022 жылдарға осы мақсатқа қаражат бөлінгені туралы жауап алынды. Қарағанды облысы бойынша экология департаменті біздің ұсынысымыз бойынша «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС байыту комбинатының қалдық қоймаларының ластануы бойынша тексеру жүргізуге бастамашы болды. Қоғамдық кеңес мүшелері бұл мәселені алдағы уақытта да өз бақылауында ұстайтын болады.

Қоғамдық кеңес мүшелері «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің бюджеттік бағдарламасының әкімшісіне әлеуметтік маңызы бар объектілерге конкурс жариялау алдында, жүргізілетін жұмыстың техникалық ерекшелігін Қоғамдық кеңеспен келісу туралы ұсыныс жасады. Осы ұсыныс бойынша а.ж. желтоқсан айында жолдарды күтіп ұстау, қаладағы алаңдады санитарлық тазалау; автокөлік павильондарын және оларға жақын аумақтарды тазалау; тұрғын үй аулаларындағы қоқыс жәшіктері мен аумақтарын қолмен тазалау бойынша конкурстардың техникалық шарттары келісілді.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 8-тармағына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелері ағымдағы жылдан бастап «Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі» ММ, «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ конкурстық комиссияларының құрамына кіреді.

Қалалық Қоғамдық кеңеспен жүргізіліп жатқан жұмыстар бұқаралық ақпарат құралдарында және қалалық мәслихатпен Сәтбаев қаласы әкімдігінің интернет-ресурстарында қамтылған. Қоғамдық кеңестің құрамы, 2021 жылға арналған кеңес отырыстарының жоспары, кеңестің қабылданған шешімдері қалалық мәслихат пен әкімдіктің интернет-ресурстарында орналастырылған.

Қоғамдық кеңес өткізген отырыстар мен мониторингтер қалалық «Ақшам» телеарнасында, «Шарайна» және «Вечерний Сәтбаев» газеттерінің беттерінде көрсетіліп, есепті кезеңде телеарнада 8 сюжет, БАҚда 6 жарияланымдар шықты. Қалалық мәслихаттың және Сәтбаев қаласы әкімдігінің интернет-ресурстарында «Қоғамдық кеңес» қойындысы бар, есепті кезеңде онда 25 материал орналастырылды.

          

Сәтбаев қаласының

Қоғамдық кеңесінің төрағасы         М.С. Мәдиева

Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру

жөніндегі жұмыс тобының

ШЕШІМІ

Сәтбаев қаласы                                                               2021 жылғы 30 желтоқсан

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің 18 және 19-тармақтарының негізінде Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) ШЕШТІ:

1. Жұмыс тобының отырыстарының хаттамасын жүргізуге жауапты болып Қ.М. Махамбетова айқындалсын.

3. Жұмыс тобының екінші отырысы 2022 жылғы 11 қаңтарды сағат 11:00-ге шақырылсын.

Жұмыс тобының басшысы            Г. Гатиятова

Қалалық мәслихаттың хатшысы Т.И.Хмилярчук Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысын өткізді. Отырыста ашық дауыс беруге қатысқан үкіметтік емес ұйымдардан жұмыс тобының мүшелігіне ұсынылған кандидаттардың көпшілік даусымен жұмыс тобына мүшелер сайланды. Топ басшысы болып Қазақстан халқының қоғамдық, рухани және ұлтаралық келісім орталығының директоры Гүлназ Рашитқызы Гатиятова сайланды. Жұмыс тобының шешімімен Сәтбаев қаласы Қоғамдық кеңесінің үшінші құрамының мүшелер саны қала тұрғындарының жалпы санына байланысты 11 адам болып айқындалды. Отырысқа БАҚ-нан және мемлекеттік органнан қадағалаушылар қатысты.

Қоғамдық кеңестер туралы заңнаманың нормаларына сәйкес жұмыс тобы қоғамдық кеңестің жұмыс істеп тұрған құрамының өкілеттіктер мерзімі өткенге дейін, яғни 2022 жылдың 19 ақпанына дейін кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді.

 

Сәтбаев қалалық мәслихаты хатшысының

 

ӨКІМІ

 

Сәтбаев қаласы                           № 44/2-1                     2021 жылғы 30 желтоқсан

 

Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы туралы

 

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының негізінде және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес:

 

1. Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесін қалыптастыру мақсатында келесі құрамда жұмыс тобы бекітілсін:

 

1. Гатиятова                                       - «Қазақстан халқының  қоғамдық, рухани

 

   Гульназ Рашитовна                       және    ұлтаралық   келісім        орталығы»

 

КММ директоры, жұмыс тобының                                               басшысы;

 

                                                                  

 

2. Әбдуалиева                                   - «Аяулым» ҚБ төрағасы;

 

   Қаламқас Қыдырбайқызы                    

 

                                    

 

3. Кригер                                           - «№ 15 жалпы орта білім беретін мектебі»

 

   Надежда Васильевна                     КММ бастауыш сынып мұғалімі;

 

                                                                  

 

4. Қыдырбеков                                  - «Нығмет» ҚБ төрағасы;

 

   Алмас Шарифоллаұлы                    

 

                                                              

 

5. Ташетов                                         - «№ 16 жалпы орта білім беретін мектебі»  

 

   Құрманғали Жүсіпұлы                  КММ музыка пәні мұғалімі;

 

                                                                  

 

6. Құрақбай                                       - «Сәтбаев қаласының   ішкі саясат бөлімі»

 

   Амангелді Қайратұлы                   ММ басшысының орынбасары;                                                          

 

7. Махамбетова                                 - «Сәтбаев          қалалық       мәслихатының

 

   Қарлығаш Мамедқызы                  аппараты» ММ аппарат басшысы.

 

2. Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушылардың тізімі бекітілсін:

 

1. Ильясова                                                 - Сәтбаев   қалалық   «Шарайна»   газетінің

 

   Нурия Анварбековна                    редакциясы» ЖШС директоры;

 

2. Нүрпейісов                                    - «Ақшам» телеарнасының директоры;

 

   Ғалымжан Бодықұлы

 

3. Шалқарбаева                                 - «Сәтбаев қаласының әкімі аппараты» ММ

 

   Айнагүл Сағындыққызы               әлеуметтік сала бөлімінің әдіскері.

 

                                                                  

 

Сәтбаев қалалық

 

мәслихатының хатшысы                                                      Т. Хмилярчук

 

 

 

2021 жылы 29 желтоқсанда Сәтбаев қалалық мәслихатының онлайн режимде өткен кезектен тыс 24 сессиясында депутаттар Сәтбаев қаласының бас жоспарының жобасын түзетілуіне байланысты мақұлдады. Қалада Жезқазған кентінің және оған іргелес елді мекендердің тұрғындарын көшіру үшін «Нұрлы мекен» және «Байқоныс» шағын аудандарының құрылысы салынды. «Қазгипроград» жобалау институты» ЖШС мамандары - жобаның бас сәулетшісі Р.Хайрулин және инженерлік желілер бойынша бас маман А.Темірбаевтың баяндамаларында айтылғандай, жобаның негізгі мақсаты қолайлы өмір сүру ортасын құруды қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық және аумақтық дамудың ұзақ мерзімді перспективаларын айқындау, жалпы жоспарлау құрылымын, қала құрылысының функционалдық аймақтарын, инженерлік және көлік инфрақұрылымының іргелі шешімдерін қалыптастыру болып табылады. Сессия соңында мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук өткен жылды қорытындылап, сессияға қатысушыларды келер Жаңа жылмен құттықтады.

Үшжылдық бюджет бекітілді

| Автор:  Жұма, 24 Желтоқсан 2021 03:38

Қалалық мәслихаттың 2021 жылғы 23 желтоқсанда өткен 23-сессиясында Сәтбаев қаласының үшжылдық бюджеті бекітілді. Сессияда «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының м.а К.Қ.Бегенованың 2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы баяндамасы тындалды. Депутат Ахтямов Р.Н тұрақты комиссияның қорытындысымен таныстырды. Үшжылдық бюджет жобасына қосымша түсініктемелер жасаған Сәтбаев қаласының әкімі А.А.Ыдырысов қаланың 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары туралы баяндады. Күн тәртібіне сәйкес қалалық мәслихаттың экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі және әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының атқарған жұмыстары жөніндегі есептер қаралды. Депутаттар сонымен қатар қалалық мәслихаттың 2020 жылғы 28 желтоқсандағы «Сәтбаев қаласын дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» № 639 шешімін жою туралы шешім қабылдады, қалалық мәслихаттың 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.