Сенбі, 26 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Жаңалықтар (230)

Депутаттық рейд

| Автор:  Бейсенбі, 10 Наурыз 2022 04:09

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 42-бабы күшіне енеді, ол пәтер иелерін кондоминиум объектісін басқару нысандарының бірін таңдауды міндеттейді: мүлік иелерінің бірлестігі (МҮБ) немесе көппәтерлі үйдің жай серіктестігі (ЖС). Қаламызда кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысанына көшуге дайындық бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде – міне, осы мәселелер мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук бастаған депутаттық рейдте басты назарға алынды. Бүгінгі таңда қалада 511 ЖС және 33 МҮБ құрылды. Депутаттар Абай көшесі, 7/1 үйдің «Комфорт» МҮБ-інде және Ерден көшесі, 175 үйдің МҮБ-інде болып, тұрғындармен және МҮБ басшыларымен мәселені анықтады. Тұрғындардың пікірінше, басқарудың бұл түріне көшудің оңтайлы тұстары баршылық, мысалы, үйді басқаруға және күтіп-ұстаға қатысты шешімді тұрғындар өздері қабылдайды, жиналған қаражатқа өздері билік етеді. Бұл мәселе қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында қаралатын болады.

 

2022 жылдың 9 наурызында Қоғамдық кеңестің құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының басшысы Қ.Қ.Әбдуалиеваның төрағалық етуімен Сәтбаев қаласы Қоғамдық кеңесінің ІІІ құрамының бірінші отырысы өтті. Отырыс қалалық мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчуктың Қоғамдық кеңес мүшелеріне құттықтауымен басталды, ол өз сөзінде Қоғамдық кеңестер институтының заманауи қоғамның дамуындағы рөлін атап өтіп, жаңа құрамға жемісті қызмет тіледі. Одан әрі Кеңестің төрағасы мен оның жұмыс органдары сайланды, Қоғамдық кеңес туралы ереже, Кеңес мүшесі куәлігінің жобасы бекітілді. Бірауыздан қабылданған шешіммен Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің төрағасы болып қаланың құрметті азаматы, Қарағанды облысының аналар кеңесінің мүшесі М.С.Мәдиева сайланды. Үш комиссия құрылып, олардың төрағалары сайланды: бюджет, экономика және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссия (төрағасы Ө.М.Ахметов); әлеуметтік сала және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі комиссия (төрағасы Ғ.Б.Нұрпейісов); коммуналдық сала мәселелері жөніндегі комиссия (төрағасы А.М.Тұрлыбек). Төралқа құрамына Кеңес төрағасы, комиссиялардың төрағалары және мемлекеттік органның өкілі Д.Қ.Мұхан кірді.

 

Сәтбаев қалалық мәслихатының

ШЕШІМІ

Сәтбаев қаласы                              № 170                            2022 жылғы «24» ақпан

Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы

          «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының 9-бабының 8-тармағына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің құрамы осы шешімге қосымшаға сәйкес бекітілсін.

                             

Қалалық

мәслихат хатшысы                                                                          Т. Хмилярчук

Сәтбаев қалалық мәслихатының

2022 жылғы «24» ақпандағы

26-сессиясының № 170 шешіміне

қосымша

Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің құрамы

Ахметов                                            -         Сәтбаев қаласы ақсақалдар    

Өтеш Мейірбекұлы                                     кеңесінің төрағасы;

Әбдірашев                                         -         «Орталық      Қазақстан»      облыстық

Әлібек Тілеубергенұлы                                        газетінің меншікті тілшісі;

Жұмабекова                                      -         «Сәтбаев қаласының№ 19 жалпы білім

Айнаш Жаппарқызы                                   беретін мектебі» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

Кондратова                                       -         «Любавушка» орыс этномәдени

Анжела Борисовна                                      орталығы» ҚБ төрағасы;

Құдаспаев                                         -         ІІІ топтағы мүгедек;

Өмірхан Бұзауұлы                                     

Мадиева                                             -         Қарағанды облыстық аналар кеңесінің

Марал Сағнайқызы                                     мүшесі;

Мұхан                                                -         «Сәтбаев    қаласының   ішкі    саясат

Дархан Қабылдашұлы                               бөлімі» ММ сектор меңгерушісі;

Нұрпейісов                                       -         «Aqsham» телеканалының директоры;

Ғалымжан Бодықұлы

                                                                    

Төрегелдин                                        -         «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және

Дастан Рүстемұлы                                     ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы;

Тұрлұбек                                          -         зейнеткер, кәсіпкер;

Алаш Мырқалұлы                                     

Хамзе                                                -         Шығыс-Жезқазған кенішінің

Шәмші Мақсұтұлы                                    операторы.

Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы

| Автор:  Жұма, 25 Ақпан 2022 03:24

2022 жылдың 24 ақпанында қалалық мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчуктың төрағалық етуімен Aitube арнасы арқылы тікелей эфирде көрсетілумен 26-сессия болып өтті. Сессия отырысы басталмас бұрын қала әкімі А.А.Ыдырысов Сәтбаев қаласы қоғамдық кеңесінің екінші құрамының өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты сөз сөйлеп, кеңес мүшелеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті. Сессияда депутаттар күн тәртібіне сәйкес 5 мәселе қарады. Сәтбаев қаласында тұрғын үй бағдарламаларының іске асырылу барысы жөніндегі мәселе бойынша «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы Н.А.Кенжеғұловтың және «Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі» ММ басшысы Н.С.Сүттібаеваның баяндамалары тыңдалды. Мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебін ұсынды. Сонымен қатар депутаттар қаланың қоғамдық кеңесінің 3-құрамын бекітті, Кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының қорытындысымен жұмыс тобының мүшесі Н.В.Кригер баяндады. Сондай-ақ, сессияда қалалық мәслихаттың регламенті бекітіліп, кезекті сессияның редакциялық комиссиясы сайланды. Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Қалалық мәслихаттың 26-сессиясының толық нұсқасы Aitube платформасында сақталған.

 

2022 жылғы 17 ақпанда Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес жұмыс тобы келіп түскен құжаттарды талқылап, Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттармен әңгімлесу өткізді. Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңестің құрамы және кандидаттардың резервтік тізімі қалыптастырылды, қалалық қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасы бекітілді.«Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға сәйкес оның құрамы алдағы сессияда бекітіліп, қалалық мәслихаттың сайтында жарияланады.