Қалалық мәслихаттың бүгінгі өткен кезектен тыс 31-сессиясында Сәтбаев қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының нормалары және Сәтбаев қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілді. Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша депутаттарға «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Н.Ә.Кенжеғұлов және «Сәт Тазалық» ЖШС қаржылық директоры Мусина А.М. баяндады. Коммуналдық қалдықтардың түзілуінің және жинақталуының нормалары Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен бекітілген Үлгілік қағидаларға сәйкес қала бойынша жүргізілген есептеулер негізінде әзірленген.
2022 жылдың 19 тамызында мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчуктың төрағалық етуімен «Сәтбаев қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» мәселені қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының қарауына сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету және жұмыстарын үйлестіру мақсатында құрылған жұмыс комиссиясының отырысы өтті.
Нормалар жобасы депутаттардың қарауына Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен нормативтік құқықтық актіге қойылатын заңнамалық талаптардың барлық кезеңдерін орындай отыра ұсынылған. Жыл сайын қалада шамамен 158-165 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар түзіледі, болашақта оның көлемінің ұлғаюы күтілуде, тиісінше тұрмыстық қалдықтарды жинауға, шығаруға, жоюға жұмсалатын шығындар да көбейеді.
Жұмыс комиссиясының қорытындысы қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының қарауына және сессияның бекітуіне жолданды.
VІІ шақырылған Сәтбаев қалалық мәслихаты
хатшысының шешімі
Сәтбаев қаласы 2022 жылғы 17 тамыз
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 31-сессиясын шақыру туралы
Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз бірінші сессиясы 2022 жылғы 23 тамызда сағат 11.00-де қала әкімдігінің кіші залында келесі күн тәртібімен шақырылсын:
«Сәтбаев қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» .
Тұрақты комиссиялардың отырыстары 2022 жылғы 23 тамызда сағат 10.00-де өтеді.
Қалалық мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук
Сәтбаев қалалық мәслихатыхатшысының шешімімен қалалық мәслихаттың кезектен тыс 31 сессиясының өткізілу уақыты 2022 жылдың 11 тамызынан ауыстырылды.
Сессияның өту уақыты мен орны қосымша хабарланады.
Қалалық мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук
VІІ шақырылған Сәтбаев қалалық мәслихаты
хатшысының шешімі
Сәтбаев қаласы 2022 жылғы 5 тамыз
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 31-сессиясын шақыру туралы
Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз бірінші сессиясы 2022 жылғы 11 тамызда сағат 11.00-де қала әкімдігінің кіші залында келесі күн тәртібімен шақырылсын:
«Сәтбаев қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» .
Тұрақты комиссиялардың отырыстары 2022 жылғы 11 тамызда сағат 10.00-де өтеді.
Қалалық мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук