VІІ шақырылған Сәтбаев қалалық мәслихаты
хатшысының шешімі
Сәтбаев қаласы 2022 жылғы 24 қараша
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 36-сессиясын шақыру туралы
Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз алтыншы сессиясы 2022 жылғы 28 қарашада сағат 11.00-де қалалық әкімдіктің мәжілістер залында /Қ.Сәтбаев даңғылы, 108/ келесі күн тәртібімен шақырылсын:
Сәтбаев қаласы бойынша халық үшін қаттытұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы.
Қалалық мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук
VІІ шақырылған Сәтбаев қалалық мәслихаты
хатшысының шешімі
Сәтбаев қаласы 2022 жылғы 18 қараша
Қалалық мәслихаттың 35-сессиясын өткізу күнін
ауыстыру туралы
Сәтбаев қалалық мәслихатыхатшысының шешімімен қалалық мәслихаттың отыз бесінші сессиясы 2022 жылғы 24 қарашада сағат 16.00-де қалалық әкімдіктің мәжілістер залында /Қ.Сәтбаев даңғылы, 108/ шақырылсын.
Қалалық мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук
VІІ шақырылған Сәтбаев қалалық мәслихаты
хатшысының шешімі
Сәтбаев қаласы 2022 жылғы 15 қараша
Қалалық мәслихаттың 35-сессиясын өткізу күнін
ауыстыру туралы
Сәтбаев қалалық мәслихатының35-сессиясын өткізу уақыты кейінге ауыстырылсын.
Сессияның өткізілу уақыты мен орны қосымша хабарланатын болады.
Қалалық мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук
2022 жылдың 10 қарашасында қалалық мәслихат хатшысы Т.И. Хмилярчуктың, қала әкімінің орынбасарлары А.Қ. Төлендинаның, Ш.М.Әубәкірдің қатысуымен қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті.
Депутаттар қаланың жалпы білім беретін мектептері мен мектепке дейінгі ұйымдарында оқушылар мен тәрбиеленушілерді тамақтандыру және медициналық қызмет көрсету туралы және Сәтбаев қаласында кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі туралы мәселелерді қарастырды.Аталған мәселелер бойынша«Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ басшысы Б.Б. Ақышбеков, бірқатар медициналық мекемелердің басшылары, «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы Д.Р.Төрегелдин, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы қалалық филиалының директоры Ғ.Ж.Сүтбаев отырыста есеп берді.
Мәселені отырыстың қарауына әзірлеу барысында депутаттар білім беру нысандарын аралаған болатын. Қаланың жалпы білім беретін барлық 13 мектебінде жабдықталған медициналық кабинеттер жұмыс істейді, медициналық қызметтер бекітілген мемлекеттік стандарттарға сәйкес көрсетіледі.Тамақтандыруды ұйымдастыру мәселесі қалалық білім бөлімінің тұрақты бақылауына алынған. Жылдан жылға мектеп асханаларының материалдық-техникалық жағдайы жақсартылып келеді.Барлық мектептерде бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылған.
Бизнес саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру «Сәтбаев қаласының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі» ММ қызметінің бағыттарының бірі болып табылады.Қалада жыл басынан бері 3858 шағын және орта бизнес нысаны тіркелген. ШОБ санын ұлғайту есебінен 59 жұмыс орны құрылды.
Қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
VІІ шақырылған Сәтбаев қалалық мәслихаты
хатшысының шешімі
Сәтбаев қаласы 2022 жылғы 11 қараша
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 35-сессиясын шақыру туралы
Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз бесінші сессиясы 2022 жылғы 16 қарашада сағат 16.00-де қалалық әкімдіктің мәжілістер залында /Қ.Сәтбаев даңғылы, 108/ келесі күн тәртібімен шақырылсын:
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаты Р.Н.Ахтямовтың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
2. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 148 «2022 – 2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3. Мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу барысы туралы есеп жөнінде.
4. Ведомствоаралық комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізу туралы.
Қалалық мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук